Павлодар облысы кәсіпкерлер Палатасының Баянауыл аудандағы «Бизнес Мектеп» жобасы бойынша іске асырылуын хабарлайды

«Бизнес-мектеп» құрауышы моноқалалардағы, шағын қалалар мен аудан орталықтарындағы шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері мен кәсіпкерлік бастамасы бар халыққа білім беру жобаларын ұсынуға бағытталған.

           «Бизнес-мектеп» құрауышының шеңберіндегі оқыту жобалары:
      1) «Бизнес-Кеңесші» жобасы бойынша кәсіпкерлік қызметті жүргізу негіздерін қысқа мерзімді оқытуды (2 күн);
      2) «Бизнес-Өсу» жобасы бойынша кәсіпкерлік қызметті дамытудың функционалдық бағыттары бойынша қысқа мерзімді оқытуды (оқыту күнтізбелік 2-5 күн аралығында оқытудың тақырыбына байланысты жүзеге асырылады); 
      3) тәлімгерлік қағидаттарын қолдана отырып, жобалық оқытуды ұсынуды көздейді (жобаға байланысты үш аптадан 2 айға дейін жүзеге асырылады). 
             «Бизнес-мектеп» құрауышының жобалары бойынша білім алуға өтініштерді шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері мен кәсіпкерлік бастамасы бар халық Павлодар облысы КҚКО, КҚО береді.

           Оқыту өтеусіз негізде ұсынылады;

           Өтінім беру, сервистік қызметтер мына мекенжай бойынша қабылданады: Баянауыл ауылы, Гагарин көшесі, 62, тел.91176.

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы