КӘСІПКЕРЛЕРДІҢ НАЗАРЫНА!

Жарияланған: 14.04.2017


Павлодар облысының Кәсіпкерлер палатасының жанынан ашылған Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы жұмыс істейтінін хабарлаймыз. Аталмыш орталық «Бизнестің жол картасы-2020» бірыңғай бағдарламасының төртінші, «Кәсіпкерлік әлеуетті арттыру» бағыты бойынша келесідей қызмет түрлері көрсетіледі:

Қызмет № 1: «Бухгалтерлік және салықтық есеп жүргізумен, сондай-ақ статистикалық есептілікті жасаумен байланысты көрсетілетін қызметтер»;

Қызмет № 2: «Кедендік процедуралар бойынша есеп»;

Қызмет № 3: «Кәсіпкерлердің және кәсіпкерлік бастамасы бар тұрғындардың өтінімдерін сүйемелдеу»;

Қызмет № 4: «Заңгерлік қызмет көрсету»;

Қызмет № 5: «Маркетинг мәселелері бойынша көрсетілетін қызметтер»;

Қызмет № 6: «Ақпараттық технологияларға қызмет көрсету саласындағы консультациялар»;

Қызмет № 7: «Мемлекеттік сатып алулар, ұлттық компаниялар мен жер қойнауын пайдаланушыларға қатысты сатып алулар бойынша қызмет»;

Қызмет № 8: «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы консультациялар ».

Тегін қызмет ала аласыз.

Сервистік қызметке қатысты өтініштерді келесі мекенжай бойынша бере аласыздар: Баянаул а., Гагарин к-сі,62, СҮ Айдабол, 2-ші қабат, оң қанат, тел.87184091176.

        

 

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы