«Бизнес-мектеп» құрауышы моноқалалардағы, шағын қалалар мен аудан орталықтарындағы шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері мен кәсіпкерлік бастамасы бар халыққа білім беру жобаларын ұсынуға бағытталған.
«Бизнес-мектеп» құрауышының шеңберіндегі оқыту жобалары:
1) «Бизнес-Кеңесші» жобасы бойынша кәсіпкерлік қызметті жүргізу негіздерін қысқа мерзімді оқытуды (2 күн);
2) «Бизнес-Өсу» жобасы бойынша кәсіпкерлік қызметті дамытудың функционалдық бағыттары бойынша қысқа мерзімді оқытуды (оқыту күнтізбелік 2-5 күн аралығында оқытудың тақырыбына байланысты жүзеге асырылады);
3) тәлімгерлік қағидаттарын қолдана отырып, жобалық оқытуды ұсынуды көздейді (жобаға байланысты үш аптадан 2 айға дейін жүзеге асырылады).
Оқыту барысында шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері мен кәсіпкерлік бастамасы бар халыққа кәсіпкерлік қызметті жүргізу негіздері бойынша оқу материалдары, құжаттардың стандартты пакеті, оның ішінде бизнес-жоспарлар, қаржыландыруды алуға арналған құжаттардың үлгілері, маркетингтік зерттеулер нәтижелері, инновацияларды енгізу саласындағы халықаралық тәжірибе, сондай-ақ шағын кәсіпкерлікті құру идеяларының анықтамалықтары беріледі.
«Бизнес-мектеп» құрауышының жобалары бойынша білім алуға өтініштерді шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері мен кәсіпкерлік бастамасы бар халық Павлодар облысы КҚКО, КҚО береді.
Оқыту өтеусіз негізде ұсынылады;
` Өтініштер Баянауыл ауданы кәсіпкерлер палатасының кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында қабылданады: Павлодар қаласы, Баянауыл ауданы Гагарин к-сі, 62, 2 қабат, байланыс телефоны 87184091176 (іш.5511).