«Электрондық салық төлеушілер назарына»

Баянауыл ауданы бойынша мемлкеттік кірістер басқармасы хабарлайды. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 74-бабы 3-тармағына сәйкес 2020 жылдын 1 қаңтардан бастап Салық органының электрондық цифрлық қолтаңбаны берген нәтижесінде төлеушінің тіркеу есебіне электрондық салық төлеушi ретінде тіркеу жүргізілмейді.Мемлекеттік қызметті көрсеткенде бизнес-үдерісті тиімдеу мақсатында «Электрондық салық төлеуші ретінде тіркеу есебін» жойып, Ұлттық куәландырушы орталығының  электрондық цифрлық қолтаңбаны қолдану және пайдалануға өту жолдары ұсынылды.

         Мемлекеттік қызмет көрсету функциясын жойылуы, бірнеше уәкілетті органдарда қайталап болғызбауына мүмкіндік береді (Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті).

        

 

Баянауыл ауданы

Бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы