Баянауыл ауданының Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының құрамын құру туралы

Жарияланған: 27.09.2016


Баянауыл ауданының Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының құрамын құру туралы

Баянауыл ауылы                                                                2016 жылғы 08 қаңтар

 

2015 жылғы 2 қарашада Қазақстан Республикасының «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңы қабылданып, осы Заң қоғамдық кеңестердің құқықтық мәртебесін, халық алдында есеп беретін мемлекет қалыптастыру жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыруға, барлық деңгейлердегі мемлекеттік органдардың шешімдер қабылдануына коммерциялық емес ұйымдардың, азаматтардың кеңінен қатысуын қамтамасыз етуге бағытталған қызметін қалыптастыру және ұйымдастыру тәртібін айқындайтын болады.

Осы Заңға сәйкес ен алдымен Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобы құрылады. Сондықтан, 2016 жылғы 8 қаңтарында Баянауыл аудандық мәслихатының хатшысы Темірболат Мүбәракұлы Қасеннің төрағалығымен, Баянауыл ауданының Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының алғашқы мәжілісі өткізілді.

Бұқаралық ақпарат құралдарында Баянауыл ауданының азаматтары мен коммерциялық ұйым емес болып табылатын заңды тұлғаларға Баянауыл ауданының Қоғамдық кеңесінің құрамына кандидатураларды ұсыну туралы конкурсты жариялауы жөніндегі хабарлауынан кейін 15 күн аралығында қарапайым азаматтар мен коммерциялық ұйым емес болып табылатын заңды тұлғалар өз кандидатураларын аталған Қоғамдық кеңесінің мүшелігіне жіберуіне құқылы. Коммерциялық емес ұйым болып табылатын бір заңды тұлғадан Баянауыл ауданының Қоғамдық кеңесіне бір ғана өкіл сайлана алады. Сондықтан, коммерциялық емес ұйым болып табылатын заңды тұлғалар осы күннен бастап кандидатураларды ұсыну жұмыстарды әзірлеуге болады.

Қазақстан Республикасы «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңының 10 – бабына сәйкес Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидаттарға қойылатын талаптар:

Қазақстан Республикасының он сегіз жасқа толған, сондай-ақ Қоғамдық кеңес жергілікті деңгейде қалыптастырылған жағдайда – тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде тұратын азаматы Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидат бола алады.

Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидат:

1) сотталғандығы болмауы;

2) сот заңда белгіленген тәртіппен сыбайлас жемқорлық қылмыс және (немесе) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауда кінәлі деп танымаған болуға;

3) психикалық ауруға, алкоголизмге, нашақорлыққа немесе уытқұмарлыққа байланысты денсаулық сақтау ұйымдарында есепте тұрмауға тиіс.

 Конкурсқа қатысу үшін:

1) кандидатураны Қоғамдық кеңестің құрамына ұсыну туралы коммерциялық емес ұйымының жазбаша ұсынысы және (немесе) азаматтың өтініші;

2) кандидаттың өмірбаян деректерін көрсете отырып, кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер ұсынылады.

 

Баянауыл ауданының Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының құрамы

 

1

 

Темірболат Мүбәракұлы Қасен

 

-          Баянауыл аудандық мәслихатының хатшысы;

 

2

 

Қайыргелді Қасымтайұлы Абылгазин

 

-          Баянауыл ауданы әкімі аппаратының басшысы;

 

3

 

Талғат Маратұлы Қалышбеков

 

-          Ауданның ішкі саясат бөлімінің басшысы;

 

4

 

Мұрат Дүйсенбайұлы Рахметов

 

-          Ауданның ақсақалдар кеңесінің төрағасы;

 

5

 

Бейсенбек Қожагелдіұлы Қамашев

 

-          Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы;

 

6

 

Ғайниден Қабиденұлы Жұманов 

 

-          Баянауыл ауылдық округі  ардагерлер кеңесінің төрағасы;

 

7

 

Вячеслав Иванович Никишев

 

-          Майқайын кенті ардагерлер кеңесінің төрағасы;

 

8

 

Саян Арыстанұлы Кожин

 

-          Аудандық «Мұса Шорманов» атындағы мешіттің бас имамы;

 

9

 

Рауан Қайыпханұлы Жантелиев

 

-          «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары.

 

 

 

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы