Баянауыл ауданының азаматтары мен коммерциялық ұйым емес болып табылатын заңды тұлғаларға Баянауыл ауданының Қоғамдық кеңесінің құрамына кандидатураларды ұсыну туралы конкурсты жариялауы жөніндегі ХАБАРЛАНДЫРУ

Жарияланған: 27.09.2016


2015 жылғы 2 қарашада Қазақстан Республикасының «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңы қабылданып, осы Заң қоғамдық кеңестердің құқықтық мәртебесін, халық алдында есеп беретін мемлекет қалыптастыру жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыруға, барлық деңгейлердегі мемлекеттік органдардың шешімдер қабылдануына коммерциялық емес ұйымдардың, азаматтардың кеңінен қатысуын қамтамасыз етуге бағытталған қызметін қалыптастыру және ұйымдастыру тәртібін айқындайтын болады.

Жоғарыдағы көрсетілген Қазақстан Республикасының «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңының талаптарына сәйкес Баянауыл ауданының Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобы азаматтар мен коммерциялық емес ұйымдарынан өз кандидаттарын ұсыну жөнінде үндеу жариялайды.

Коммерциялық емес ұйым болып табылатын бір заңды тұлғадан Баянауыл ауданының Қоғамдық кеңесіне бір ғана өкіл сайлана алады. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының он сегіз жасқа толған, сондай-ақ Қоғамдық кеңес қалыптастырылған жағдайда - тиісті әкімшілік – аумақтық бірлік шегінде тұратын азаматы Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидат бола алады.

Конкурсқа қатысу үшін:

1) кандидатураны Қоғамдық кеңестің құрамына ұсыну туралы коммерциялық емес ұйымының жазбаша ұсынысы және (немесе) азаматтың өтініші;

2) кандидаттың өмірбаян деректерін көрсете отырып, кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер ұсынылады.

Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидат:

1) сотталғандығы болмауы;

2) сот заңда белгіленген тәртіппен сыбайлас жемқорлық қылмыс және (немесе) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауда кінәлі деп танымаған болуға;

3) психикалық ауруға, алкоголизмге, нашақорлыққа немесе уытқұмарлыққа байланысты денсаулық сақтау ұйымдарында есепте тұрмауға тиіс.

Кандидаттар бойынша ұсыныстарды 2016 жылғы 23 қаңтарына дейін мына мекен – жайына тапсыруларыңызды сұраймыз.

Баянауыл ауылы, Сәтбаев көшесі № 49, Баянауыл аудандық мәслихаты;

Электрондық поштаның мекен-жайы: maslixat_bayan@mail.ru

Анықтама телефондар: 9-13-19, 9-16-09, 9-10-90.

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы