«Б» корпусы төменгі бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру

Жарияланған: 27.09.2016


«Б» корпусы төменгі бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру

Барлық конкурс қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптар:

E-4  санаттары үшін: жоғары білімі «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының санаттарына үлгілік біліктілік талаптарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері Министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 12 бұйрығына сәйкес жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысы

Санаты

 

Еңбек сiңiрген жылдарына байланысты

 

 

 

 

min

max

E-4

 

77453

 

104935

** Ескерту: «Баянауыл аудандық мәслихатының аппаратың» ММ штат кестесінде бас маманы лауазымдар төменгі болады.

«Баянауыл аудандық мәслихатының аппараты» Мемлекеттік Мекемесі

Мекен жайы: 140300, Павлодар облысы, Баянауыл ауданы, Баянауыл ауылы, Сәтбаев көшесі 49 үй. Анықтама телефондары: 8(718-40)9-16-09, 8(718-40)9-13-19,факс: 8(718-40)9-10-90, Электрондық почта мекен-жайы: masliхat_bayan@mail.ru.

Бос тұрған «Е-4» санаттары бойынша Баянауыл аудандық мәслихаты аппаратының бас маманы - заңгер ((1-09-2-2) лауазым индексі) (негізгі  қызметкердің бала күту демалысы кезеніңе) және бас маманы ((1-09-2-4) лауазым индексі) бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына.

Функционалдық міндеттері:

Бас маманы – заңгер: ((1-09-2-2) лауазым индексі).

Аудандық мәслихаты аппаратының жұмысын болжай және  жоспарлай білу. Мәслихаттың сессиялары, тұрақты комиссиялары отырыстарының және мәслихаттың басқа да іс шараларының дайындық және өткізу жұмыстарын ұйымдастыру. Мәслихат аппаратының кадрлар бойынша жұмыстарын ұйымдастыру. Аудандық мәслихаттың нормативтік құқықтық актілердің заңдылығына экспертиза жасау және мониторинг жүргізу.

Бас маманы: ((1-09-2-4) лауазым индексі).

Аудандық мәслихаты аппаратының жұмысын болжай және  жоспарлай білу. Мәслихаттың сессиялары, тұрақты комиссиялары отырыстарының және мәслихаттың басқа да іс шараларының дайындық және өткізу жұмыстарын ұйымдастыру. Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңына сәйкес аудандық сайлау комиссияларының құрамын қалыптастыру немесе өзгерістер енгізу жұмыстарын атқару.

Конкурстың қатысушыларына қойылатын талаптар:

Білімдері жоғары болуы тиіс.

Бас маман – заңгер:

Жоғары білім: құқық; әлеуметтік ғылым, экономика және бизнес саласында.

Бас маман:

Жоғары білім: білім беру; гуманитарлық ғылым; құқық; әлеуметтік ғылым, экономика және бизнес; жаратылыстану ғылымдары; техникалық ғылым және технология; ауылшаруашылық ғылымы; қызмет көрсету саласында.

Келесі құзыреттіліктің болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар «Баянауыл аудандық мәслихат аппараты» ММ-нің персоналды басқару бөліміне құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады тапсырады. Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір сағат бұрын кешіктірілмей береді. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Жалпы конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:

1) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің  2015 жылғы  29 желтоқсандағы № 12 бұйрығының Қағидаларына сәйкес нысандағы өтініш;

2) 3х4 үлгідегі суретпен ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрінің  2015 жылғы  29 желтоқсандағы № 12 бұйрығының Қағидаларына Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған сауалнама;

3) бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;

4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесi;

5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда № 6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама;

6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

7) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

8) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).

Құжаттарды қабылдау мерзiмi (жалпы конкурс үшін – жалпы конкурс туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 10 жұмыс күн);

Егер азамат еңбек қызметін жүзеге асырмаған және конкурс жарияланған бос лауазым бойынша жұмыс өтілі талап етілмейтін жағдайларда, еңбек қызметін растайтын құжаттардың көшірмелерін ұсыну талап етілмейді.

Құжаттардың толық пакетін ұсынбау конкурстық комиссияның оларды қарастырмау үшін негіз болып табылады.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға үміткерлерге арналған тестілеу бағдарламасы E-4 санаты үшін: Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілін білуге арналған тест (20 сұрақ), ұзақтығы 20 минут; Қазақстан Республикасының Конституциясын (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» (15 сұрақ), «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»
(15 сұрақ), «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» (15 сұрақ), «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының заңдарын бiлуге арналған тестілер.

Осы бағдарлама бойынша тестілеуді өту мәндері барлық нормативтік құқықтық актілер бойынша сұрақтардың жалпы санынан (90 сұрақ) кем дегенде    45 дұрыс жауапты және әрбір нормативтік құқықтық актілер бойынша кем дегенде 5 дұрыс жауапты құрайды. Осы бағдарлама бойынша Қазақстан Республикасының заңнамаларын білуге арналған тестілерді орындау үшін жалпы уақыт 80 минутті құрайды.

«Б» корпусының лауазымына үміткерлердің жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу бағдарламасы E-4 санаты үшін: бастамашылық (12 тапсырма), коммуникативтілік (12 тапсырма), сараптамалық (12 тапсырма), ұйымдасқандық (12 тапсырма), әдептілік                     (12 тапсырма), сапаға бағдарлану (12 тапсырма), тұтынушыға бағдарлану (12 тапсырма), жемқорлыққа төзбеушілік (12 тапсырма) деңгейін анықтауға арналған тестілер;

Екінші бағдарлама бойынша тестілерді орындау үшін жалпы уақыт 75 минутті құрайды. Екінші бағдарлама үшін мүмкін болатын 4 (төрт) балдан қатерлі аймақ: бастамашылық – 1,5 балл, коммуникативтілік – 1,5 балл, сараптамалық – 2 балл, ұйымдасқандық – 1,5 балл, әдептілік – 1,5 балл, сапаға бағдарлану – 1,5 балл, тұтынушыға бағдарлану – 1 балл, жемқорлыққа төзбеушілік – 2 балл.

Бірыңғай конкурс комиссияның жұмысының ашықтығын және нақтылығын қамтамасыз ету үшін оның мәжілісіне байқаушылар және сарапшылар шақырылады. Байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады. Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда және ғылыми салада жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

Әңгімелесуге жіберілгендері туралы хабарланған соң 5 жұмыс күні ішінде әңгімелесуге жіберілген үміткерлер оны «Баянауылаудандық мәслихат аппараты» ММ-нің ғимаратында, Баянауыл ауылы, Сәтбаев көшесі, 49 мекенжайында өтеді.

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы