Атқарылған жұмыстар баяндалды

Жарияланған: 17.11.2017


2017 жылдың қазан айынан бастап әр аудандарда Павлодар облысы басқармалары басшыларының мемлекеттік бағдарламаларды және 2017-2018 жылдарға арналған аумақтарды дамыту бағдарламасын атқару барысында тұтқалы көрсеткіштердің табыстары бойынша халықтың нысаналы топтары, аудандық мәслихаты депутаттардың, қоғамдық кеңесінің мүшелері алдында Ұлт жоспары – бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадамының 95 қадамына сәйкес атқарылған жұмыстары туралы есептік жиын өткізілуде. Тап осындай негіздегі жиын біздің Баянауыл ауданында 2017 жылы 12 қазан күні аудан әкімдігінде өтіп, алқалы отырыста облыстық ауылшаруашылығы басқармасының басшысы Ораз Алпысұлы Дюзденбаев пен облыстық ветеринария басқармасының басшысы Қайыржан Заирбекұлы Байжановтың есебі тыңдалды.

Облыстық ауылшаруашылығы басқармасының басшысы Ораз Дюзденбаев:

– Облыста ауылшаруашылығы саласында өнім өндірумен 402 ауылшаруашылық құрылымдар мен 3256 шаруа қожалықтары айналысады. Ауыл шаруашылық өнімін өндірудің негізгі бағыттары ет, сүт, жұмыртқа, астық, картоп және көкөністер болып табылады. 2017 жылдың қаңтар-тамыз айлары ішінде жалпы өнім көлемі 75,0 млрд. теңге, НКИ – 105,6% құрады, оның ішінде өсімдік шаруашылығы – 11,0 млрд. теңге (100,6%), мал шаруашылығы – 64,0 млрд. теңге (106,5%). Қаржыландыруға келсек, мемлекеттік қолдаушаралары 19 бағдарлама бойынша көрсетіледі. 2017 жылы 13,2 млрд. теңге, оның ішінде республикалық бюджеттен 6,7 млр. теңге, облыстық бюджеттен – 6,5 млр. теңге бөлінген. Несиелеу негізінен «ҚазАгро» АҚ-ның құрылымдық бөлімшелерімен агроөнеркәсіп кешенінің барлық бағыттары бойынша көктемгі-егіс жұмыстарынан бастап инвестициялық жобаларды іске асыруға дейін жүзеге асырылады. «Қаз-Агро» АҚ-ның құрылымдық бөлімшелерімен 658 несие беріліп, жалпы сомма – 5466,0 млн. теңгені құрап отыр. Айта кетерлігі, шаруашылықты несиелендіру бағдарламасына Қашыр, Шарбақты жәнеУспенаудандары белсенді қатысуда, - деді.

Басқарма басшысының мәліметіне сүйенсек, өсімдік шаруашылығында ағымдағы жылы ауылшаруашылық дақылдардың егістік алқабы 1329,7 мың гектар құрады, бұл 2016 жылмен (1231,6 мың га) салыстырғанда 98,1 мың гектарға немесе 107,4%-ға үлкен. Ал, ауылшаруашылық дақылдардың жаздық егісі 1033,2 мың га  құр айдын емес өткен жылдың (2016 жыл – 967,4 мың га) деңгейінен 65,8 мың гектарға үлкен. Меморандумды орындау шеңберінде келесі индикативтік нәтижелерге қол жеткізілген. Мәселен, дәнді дақылдар – 705,7 мың га немесе 106,6%-ке (меморандум бойынша – 662,0 мың га), майлыдақылдар – 212,6 мың га немесе 105,0%-ға  (меморандум бойынша – 202,5 мың га), жемшөп дақылдары – 384,7 мың га немесе 106,5%-ға  (меморандум бойынша – 361,2 мың га) жәнекартоп – 17,1  мың га немесе100%-ға  (меморандум бойынша – 17,0 мың. га), көкөніс және бақша дақылдары – 9,6 мың га немесе 113,3%-ға (меморандум бойынша – 8,5 мың га) екен.

Облыстағы мал шаруашылығындағы ахуалды есептен түйіндесек, 2017 жылғы 1 қыркүйекке ІҚМ басының саны – 446,1 мың бас (2016 жылдың ұқсас кезеңіне 102,6%), қойлар – 554,2 мың бас (100,6%), ешкілер –77,9 мың бас (102,4%), шошқалар – 67,1 мың бас (93,9%), жылқылар – 157,1 мың бас (105,9%) және құстар – 1505,3 мың бас (150,6%). Өндірілген сүт – 268,2 мың тонна (102,1%), тірісалмақтағыет – 52,0 мың тонна (108,6%) және жұмыртқа – 107 947,5 мың дана (121,0%). Малшаруашылығымен айналысатын аудандардың ішінде асыл тұқымды қара мал, оның ішінде аналық ірі қара мал Май ауданында – 33,8%, ал, Баянауыл ауданында – 28%. 2017 жылғы 11 қыркүйек жағдайы бойынша «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 965 бас іріқара мал (48,3%) сатып алуға несиелер берілді. «Құлан» бағдарламасы бойынша 392 бас жылқылар (78,4%) сатып алуға несиелер берілді, 169 бас жылқылар сатып алуға өтінімдер қарастырылуда тұр. «Алтын асық» бағдарламасы бойынша 228 бас қойлар (22,8%) сатып алуға несиелер берілді. «Еттің экспорттық әлеуетін дамыту» бағдарламасышеңберінде 740,5 тонна ет өнімдері экспортталды, бұл жоспардағы 57,0% құрайды. Ауыл шаруашылық шикізатын қайта өңдеуді және жергілікті кәсіпорындардың өнімімен нарықты толтыруды қамтамасыз ету үшін 204 дайындаушы пунктер және 299 қайта өңдеуші объектілер жұмыс  істейді. Ағымдағы жылы 460 ауылшаруашылық жәрмеңкелер өткізіліп, 1125,3 млн. теңге сомасына өнім сатылыпты. «Елді мекендерден алшақтығына қарайсаралап жіктеумен ынталандыру үшін сүт тасымалдауды субсидиялау талап етіледі. Бүгінше ауылшаруашылығы министрлігіне ұсыныс жасалды. Лебяжі, Май және Баянауыл сүтті ірі қара мал шаруашылығы өзін қамтамасыз ету үшін қажетті шамада дамитын болады. Қой шаруашылығы және табынды жылқы шаруашылығы – жыл бойы жайылымда бағып-күту мүмкіндіктері бар кең жайылым жерлерге бай аймақтарда одан әрі дамиды. Бұл жерлерге – Май, Баянауыл, Лебяжі, Екібастұз қаласының ауылдық аймағы жатады. Аз шығындылығын ескерсек, өтімнарығы мен өнеркәсіптік сою болған жағдайда барлық аудандарда дамуы керек. Жергілікті жағдайларға бейімделген басымдықтар: қой бойынша – етті-майлы бағытты Еділбай тұқымы және қазақтың құйрықты тұрпатты қойы және қылшық жүнді бағытты тұқымдықой, жылқы бойынша – қазақтың Жабы тұрпатты жылқы тұқымы өсірілуі керек деп күтілуде», - деп баяндамасын аяқтады Ораз Алпысұлы.

Жиында баяндама жасаған облыстық ветеринария басқармасының басшысы Қайыржан Байжановтың айтуынша, бүгінгі күні олыс малдарына түгелдей сібір жарасына қарсы вакцина салынған. Бруцеллезге шалдыққан малдар анықталған. Оның ішінде Баянауыл ауданы бойынша – 59095 малға тексеру жүргізіліп, 1686 бас қара мал ауру деп анықталған. 2016 жылы зерттеу жүргізілген 541777 бас малдың 850-і ауру болса, биылғы жылы бұл көрсеткіш 2,9%-ке өскен. «Сібір жарасы көмілген орындарды анықтау барысында Қазақстан Республикасының пунктерінде1948-2002 жылдары 149 орын болса, оның 131-і сібір жарасына ұщыраған ауылшаруашылық малдары. 18-і осы аурумен ауырған адамдар жерленген жерлер. Сібір жарасы көмілген жер учаскелерін заңдастыру бойынша жұмыстар атқарылды. Мемлекеттік актілер алынып, мемлекеттік жер кадастры жүйесіне енгізілді. 2017 жылдың бірінші жартыжылдығында стандартқа сәйкес бұл жерлер қоршауға алынды. Өлген малдардың өлекселерін тастайтын арнайы мал қорымдары жерлерін заңдастыру жұмыстары Баянауыл ауданында да аяқталды. 2012-2014 жылдары облыста аудандар мен қалалардың балансына 18 стационарлы қинсинераторлар алынған. Олар – биологиялық қоқыстарды жоғары температуралық әдіспен жағуға ыңғайланған. 11-і 1000 тонналық көлемге, 7-і – 500 тоннаға шақталған. Мал қорымын салу үшін ең алдымен жобалық-сметалық құжат әзірленуі тиіс. Бұл құжатқа қаржы аудандық бюджеттен қарастырылуы тиіс, ал салу құрылысына жұмсалатын қаржы облыстық бюджеттен беріледі», - деді Қайыржан Заирбекұлы.

Баяндама барысында басқарма басшысы слайд арқылы облыс аудандары мен ауылдарында салынған ветеринарлық пунктерді көрсетті. Шындығы керек, пластикалық терезе, заманауи үлгідегі шамдар тағылған бұл пунктер құтты үй десе болады. Бағасы да жаман емес, 16 млн. теңге. 2017 жылдың жоспарында 20 ветеринарлық пунктер салу көзделіп, облыстық бюджеттен 433198,0 мың теңге бөлінген. Бүгінгі таңда құрылыс жұмыстары жүргізілуде екен.

Аудан әкімдігінде өткен алқалы басқосуда жиналғандар мал қорымдарына 25 млн. теңге көлемінде қаржы жұмсамай-ақ, 2-2,5 млн. теңге шығыны кететіндей етіп қана салуға болатындығын айтты. Көтерілген мәселенің бірі – сенбі, жексенбі күндері малға анықтама берілмейтіндігі. Бұл күндері портал жұмыс істемейді, ал малын қалаға базарға апаратындардың басым көпшілігі осы күндері апарады. Бұл турасында ветеринария басқармасының басшысы мәселе жоғары жаққа айтылған, алайда еш нәтиже жоқ екендігін алға тартты. Ауданымыздағы күрделі сұрақ – бруцеллез мәселесі. Осы турасында жиналған жұртшылық ауыл тұрғындарына мал ауруының зияндығы турасында ешқандай түсіндіру жұмыстары жүргізілмейтіндігін, жалпы, малға екпе жұмысы жыл бойы жүргізілетіндігін, мал сырғасының жоқтығы тілге тие кетті.

 

 

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы