Введите ваш запрос для начала поиска.

Мәслихат

БАЯНАУЫЛ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ ХАТШЫСЫ

ҚАСЕН ТЕМІРБОЛАТ МҰБАРӘКҰЛЫ

         1961 жылдың 9 желтоқсанында дүниеге келген, екі жоғарғы білімі бар: агрономия, мемлекеттік және жергілікті басқару бакалавры, 1987 жылы Целиноград ауылшаруашылық институтын, 2012 жылы Инновациялық Еуразия университетін тәмамдады. Қазақ. Үйленген, төрт баласы бар. Баянауыл аудандық мәслихатының хатшысы болып сайланғанға дейін Темірболат Мұбарәкұлы Баянауыл ауданы Алексеевка кеңшарында агроном, кейіннен осы кеңшардың жемазық дайындау мәселесі бойынша кеңшар директорының орынбасары болып, 1988-1996 жылдарда Южный, Баянауыл кеңшарларында бас агроном қызметін атқарып, 1997-2003 жылдар аралығында Баянауыл ауданының жер қатынастары комитетінің басшысы, 2003 жылдан 2013 жылға дейін Баянауыл Мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің директоры болып қызмет атқарған.

2003-2007 жылдар аралығында Павлодар облыстық мәслихатының депутаты.

2004 жылы Қазақстан Республикасы Парламенті мәжілісінде Семей ядролық полигонының Баянауыл ауданы халқына тигізген зияны мен зардабы туралы баяндама жасады.

Қасен Темірболат Мұбарәкұлының басшылығымен аудан аумағында экологиялық жағдайларды жақсартуда табанды қызмет ету мақсатында экологияны жақсартудан бағдарламасы әзірленіп, әрбір кәсіп орын басшыларына қатаң талап қоя білді. Аудан экономикасын дамыту саласында және орнықты қаржы-экономикалық көрсеткіштерге қол жеткізуге мүмкіндіктер жолын ашуға ат салысты.

Аудан тұрғындарын әлеуметтік қорғау оларға еңбек ету, тұрмыстық және демалу үшін барлық жағдайлар жасауға ықпал етті.

V-VI сайланған Баянауыл ауданының депутаты ретінде зейнеткерлерге, тұрмысы төмен отбасылары мен балаларға өз тарапынан материалдық тәрбиелік көмегін аямауда. Ауданның спорттық шараларының оң өтуіне зор ықылас білдіре отыра, демеушілік жасаудан да бас тартқан емес әр қашанда жақсы істердің басында болып оны абыроймен атқарады.Үйленген төрт бала тәрбиелеп отыр.Марапаттары: Қазақстан Республикасы Президентінің алғыс хаты, Қазақстан Республикасының жер ресурстарын басқару жөніндегі Агенттігінің құрмет грамотасы, Білім және Ғылым Министрлігінің құрмет грамотасы, Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы Министрлігі орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің құрмет грамотасы, Павлодар облысы әкімінің «Павлодар облысына 75 жыл» мерейтойлық медалімен наградталды, Баянауыл ауданы әкімінің алғыс хаттарымен, Павлодар облыстық аумақтық орман және аңшылық шаруашылығы инспекциясының құрмет грамотасымен, «Жасыл Ел» жастар еңбек жасақтарының Республикалық штабының дипломымен марапатталды.

 

» "Баянауыл ауданы мәслихатының аппараты" ММ-нің мемлекеттік қызметшілері

» Аудандық мәслихаттың VI шақырылым депутаттары

» Хабарлама

» Мәслихат шешімі

Қабылдау уақыты және байланыс ақпараты: 

Қабылдау уақыты: дүйсенбі, сейсенбі с 15.00-18.00 

Телефон: 8 (71840) 9-13-19 

Факс: 8 (71840) 9-10-90 

Адрес: 140300, Павлодар облысы, Баянауыл ауданы, Баянауыл ауылы,                     

ак. Сәтбаев көшесі,49 үй.

E- mail: maslixat_bayan@mail.ru

 


Баспасөз хабарламалары
Жарияланған: 23.11.2017

Мәслихат шешімі
Жарияланған: 23.11.2017

 

 

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы