Зейнетке шыққан кезде өзімнің барлық жинақтарымды бірден алуыма бола ма?

Жарияланған: 13.09.2016


«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы заңының (бұдан әрі – Заң) 34-бабы 9-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БЖЗҚ Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен алушыларға зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруға міндетті. Аталған тәртіп Қазақстан Республикасы Үкіметінің 02.10.2013 ж. № 1042 қаулысымен бекітілген Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтарынан зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру
қағидаларында (бұдан әрі – Қағида) айқындалған.

Мәселен, Қағиданың 3-тармағына сәйкес зейнетақы төлемдері белгіленген кесте бойынша ай сайын, тоқсан сайын, жыл сайын жүзеге асырылады.

Бұл ретте, белгіленген кесте бойынша зейнетақы төлемдерінің жылдық сомасы мынадай шамаларда есептеледі және:

1) республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен

зейнетақының отыз еселенген мөлшерінен аспайды (2016 жылы «2016-2018 жылдарға арналған Республикалық бюджет туралы» ҚР Заңында ең төменгі зейнетақы мөлшері 25 824 теңгеге көбейтілді  және 774 720 теңге болды (30*25 824));

2) зейнетақы жинақтары сомаларының Зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеуді

жүзеге асыру әдістемесіне сәйкес алушының тиісті жасындағы зейнетақы жинақтарының ағымдағы құнының коэффициентіне көбейтіндісі ретінде есептелген неғұрлым жоғары шамасынан аспайды. Бұл есеп алушының, яғни 58 жасқа тоған әйелдердің зейнетақы жинақтарының сомасы 8,223 млн. теңге және одан көп болған, ал 63 жасқа толған ерлерде 7,401 млн. теңге және одан көп болған жағдайда қолданылады.

Егер алушының зейнетақы жинақтарының сомасы республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен зейнетақының отыз еселенген мөлшерінен аз болса, алушы зейнетақы жинақтарының бүкіл сомасын ала алады.

Төлем жасалған соң жеке зейнетақы шотындағы зейнетақы жинақтарының қалдығы ең төмен зейнетақы мөлшерінен аз болған жағдайда, бұл қалдық төлем сомасымен бірге төленеді.

 

Баянауыл елді мекеніндегі қызмет

көрсету орталығы бастығы Журавлёва Т.В.

 

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы