Зейнетақы жинақтарын зейнетақы Қорынан мерзімінен бұрын алуға бола ма?

ҚР «Зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңында жинақтаушы зейнетақы жүйесінен зейнетақы төлемдерін алу құқығы туындайтын жағдайлар нақты белгіленген. Зейнетақы жинақтарын біріншіден - зейнеткерлік жасқа толғанда, екіншіден – 1,2 топтардағы мүгедектігі бар адамдардың мүгедектігі мерзімсіз болып белгіленгенде, үшіншіҚазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдар кету фактiсiн растайтын құжаттарды ұсынған жағдайда ала алады. Сонымен қатар «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңының 59-бабының 1-тармағына сәйкес Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы зейнетақы жинақтары ай сайын ең төмен зейнетақы мөлшерiнен кем емес төлемдi қамтамасыз етуге жеткілікті болған жағдайда 55 жасқа толған ерлер, 50 жасқа толған әйелдер өздерінің мiндеттi зейнетақы жарналары және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебiнен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарын пайдалана отырып, өздері таңдаған сақтандыру ұйымымен сақтандыру төлемдерiн өмiр бойы жүзеге асыру туралы зейнетақы аннуитетi шартын жасасуға құқылы. 

Бұл ретте әйелдер үшін зейнетақы аннуитетін жасау мерзімі 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап жыл сайын 6 айға өсіп отырады. Яғни, зейнетақы аннуитетін жасау 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап - 50,5 жасқа, 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап - 51 жасқа, 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап - 51,5 жасқа, 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап - 52 жасқа, 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап - 52,5 жасқа, 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап - 53 жасқа, 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап - 53,5 жасқа, 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап - 54 жасқа, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап - 54,5 жасқа және 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап - 55 жасқа толғанда жүргізіледі. Заңда зейнетақы жинақтарын басқалай жолмен алу жағы қарастырылмаған. Бұл өте өзекті мәселе.

Зейнетақы төлемдері зейнеткердің лайықты өмір сүруін қамтамасыз етуге арналған. Сондықтан зейнетақы жарналарын ерте бастан қомақты көлемде зейнетақы Қорына аударған сайын, болашақта алар зейнетақы төлемдерінің мөлшері де арта түседі.  Ал егер адамдар зейнетақы жарналарын аудармай, жалақыларын «конвертпен» алатын болса болашақта алатын зейнетақы төлемдерінңң мөлшері де мардымсыз болады.  

Тағы да еске сала кетелік, жыл сайын инфляция деңгейі ескеріле отырып, ең төмен күнкөріс деңгейі, ең төмен зейнетақы және басқа да есептік көрсеткіштер қайта есептеліп отырады. Ал бұл ортақ және базалық зейнетақының мөлшеріне әсер етеді.  

Баянауыл елді мекеніндегі қызмет

көрсету орталығының бастығы Турсунбаева Г.Т.

тел: 87184090102

 

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы