Зейнетақы жинақтарын төлейтін кезде құнсыздану деңгейі ескеріледі ме, жинақтарды қорғайтын қандай да бір кепілдік бар ма?

Жарияланған: 14.08.2017


Бүгін сіз инвестициялық қызмет, инвестициялық табыс және сіз бен біздің жинақтарымызды сақтау кепілі туралы БЖЗҚ-дан 5 анағұрлым өзекті мәселелерге жауап аласыздар.

 

1.Зейнетақы жинақтарын төлейтін кезде құнсыздану деңгейі ескеріледі ме, жинақтарды қорғайтын қандай да бір кепілдік бар ма?

 

«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР Заңының 5-бабына сәйкес мемлекет алушыларға зейнетақы төлемдеріне құқығын алған сәттегі инфляция деңгейін ескере отырып БЖЗҚ-дағы мiндеттi зейнетақы жарналарының, мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналарының сақталуына жарналардың нақты енгiзiлген мөлшерiнде кепiлдiк бередi.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 10 сәуірдегі № 341 қаулысымен бекітілген Зейнетақы төлемдерін алушыларға бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мөлшерінде сақталуы бойынша мемлекет кепілдіктерін инфляцияның деңгейін ескере отырып, орындау қағидасында кепілдік таралатын тұлғалар тізімі белгіленген, олар:

 

  1. зейнет жасына толған сәтте (63 жасқа толған ерлер, 58 жасқа толған әйелдер);
  2. егер мүгедектігі мерзімсіз болып белгіленсе, бірінші және екінші топтардағы мүгедектер;
  3. Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдар.

 

Айырмашылық төлеміне құқығы бар тұлға қайтыс болған жағдайда, айырма төлемінің сомасы мұрагерге Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінде белгіленген тәртіпте беріледі.

 

Төлем құқығын алған кезде әрбір алушыға жинақтаушы зейнетақы жүйесіндегі бүкіл кезең үшін табыстылық пен құнсыздану деңгейі жеке есептеледі. Егер инвестициялық табыс  құнсыздану деңгейінен асып түспесе, айырма мемлекеттік бюджеттен салымшының банк шотына есептелетін болады.

 

Қайта есеп алу үшін тұрғылықты жері бойынша ХҚО-ға («Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорация» КЕАҚ бөлімшесі) барып сәйкесті өтініш толтыру қажет.

 

 

Баянауыл елді мекеніндегі қызмет

көрсету орталығы бастығының м.а. Турсунбаева Г.Т.

 

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы