Ұзақ уақыт бойы жалақы алмадым, демек аударымдарда жасалған жоқ. Осы уақыт аралығында инвестициялық табыс есептелген жоқ па?

Жарияланған: 06.11.2017


Бүгін сіз инвестициялық қызмет, инвестициялық табыс және сіз бен біздің жинақтарымызды сақтау кепілі туралы БЖЗҚ-дан 5 анағұрлым өзекті мәселелерге жауап аласыздар.

 

  1. Ұзақ уақыт бойы жалақы алмадым, демек аударымдарда жасалған жоқ. Осы уақыт аралығында инвестициялық табыс есептелген жоқ па? Қандай жағдайларда ол есептелмейді?

 

Инвестициялық табыс тұрақты түрде есептеледі. Ол күн сайын әрбір қаржы күнінің соңында қаражаттарға оны тауысқанға дейін, яғни егер адам зейнетке шықса да және оны алып жүрсе де, оның әлі де түртілмеген жинақтарына инвестициялық табыс есептеле береді.

 

БЖЗҚ осыған орай қызықты бір оқиғамен бөлісті: осыдан біраз уақыт бұрын Қордың операциялық залына жас жігіт жаңадан жұмысқа орналасқандықтан өз зейнетақы шартын жаңартуға келген. Ол бұған дейін екі жыл бойы жұмыссыз жүрген екен және сәйкесінше оның шотына жарналар түспеген. Оның өз есептері бойынша оның жеке зейнетақы шотында 600 мыңнан астам теңге болуы керек еді. Алайда үзінді көшірмені алған жас жігіт біршама таңырқау күйде қалды: жұмыссыз жүрген көптеген айлар ішінде оның шотындағы зейнетақы жинақтары 120 мыңға ұлғайған және барлығы 720 мыңнан астам теңгені құрады. Егер де шот үнемі толтырылып тұрса, онда сандар көбейеді.

 

Есептелген  инвестициялық табыс туралы ақпаратты бірнеше тәсіл арқылы алуға болады, яғни үзінді көшірмені Қорға келіп өтініш білдіре отырып немесе электрондық не кәдімгі пошта арқылы және сайт не ENPF ұялы қосымшасы арқылы да алуға болады.

 

  1. Инвестициялық табысқа салық салынады ма?

 

Қор салымшыларының (алушыларының) зейнетақы жинақтарына, оның ішінде Қазақстан Республикасының зейнетақы заңнамасымен көзделген жағдайлар (зейнет жасына толғанда, мерзімсіз 1,2 топтағы мүгедектігі белгіленсе және т.б.) орын алғанда ЖЗШ-дан төленетін есептелген инвестициялық табысқа Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес салық салынады.

 

Осылайша, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (ҚР Салық кодексі) 160-бабының 3-тармақшасына сәйкес зейнетақы төлемдері төлем көзінен салық салынатын табысқа жатады.

 

ҚР Салық кодексінің 170-бабына сәйкес салық салынатын зейнетақы төлемдері түріндегі табысқа бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры міндетті зейнетақы жарналары; міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары; ерікті зейнетақы жарналары есебінен құрылған салық төлеушілердің зейнетақы жинақтарынан жүзеге асыратын төлемдер жатады. Алайда, Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын зейнет жасына жеткен салымшылар (алушылар) кесте бойынша немесе Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерге тұрақты тұруға кетуіне байланысты кесте бойынша төлемдерді алған кезде, салық төленетін табыс көлемін кемітетін салық шегерімдеріне құқылы. Басқалай айтқанда, табыс салығы барлық төлемге емес, тек оның бөлігіне салынады. Түпкілікті салық сомасын анықтау үшін «жыл үшін зейнетақы төлемінен» «белгіленген салық шегерімін» алып тастау қажет.

Бұдан басқа, Салық кодексінің 156-бабының 1-тармағының 13) және 13-2) тармақшаларына сәйкес азаматтардың кейбір санаттарының ең төменгі жалақы мөлшерінің 75 еселенген шегінде табысты түзетуге мүмкіндігі бар.

 

Баянауыл елді мекеніндегі қызмет

көрсету орталығының бастығы Турсунбаева Г.Т.

 

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы