Шетелге тұрақты тұруға кетуге байланысты БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін алу

Жарияланған: 20.12.2017


Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының (БЖЗҚ/Қор) ақпараттық арналарына жиі келіп түсетін сұрақтардың бірі – шетелге тұрақты тұруға кетуге байланысты БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін алу (ТТК). 

«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР Заңына сәйкес Қазақстаннан тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен, кету фактiсiн растайтын құжаттарды ұсынған, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында зейнетақы жинақтары бар шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдардың зейнетақы төлемдерiн алуға құқығы бар.

«Халықтың көші-қоны туралы» ҚР Заңына сәйкес Қазақстаннан тыс жерлерге тұрақты тұруға кету, ішкі істер органдары кету фактісін растайтын құжаттарды рәсімдеген соң жүзеге асырылады.

            Егер БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар, басқа мемлекеттің азаматтығын алуды жоспарлаған Қазақстан азаматы, Қазақстанда тұрақты тұратын шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам Қазақстан аумағынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кету туралы шешім қабылдаса, белгіленген тәртіпте шетелге кетуге арналған құжаттарды рәсімдеуі керек.

            Бұл рәсім шетелге тұрақты тұруға кетіп бара жатқан азаматтардың Қазақстандағы орындамаған (салық, мүлік, сот, мерзімді әскери қызметті өтеу және т. б.) міндеттемелерін анықтау үшін қажет. 

            Қазақстан Республикасы азаматтарының, Қазақстанда тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың шетелге тұрақты тұру үшін елден кетуге арналған құжаттарын рәсімдеу «Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұру үшін кетуге арналған құжаттарды» мемлекеттік көрсетілетін қызметін стандартымен реттеледі.   

            Шетелге тұрақты тұруға кету үшін елден кетуге арналған құжаттарды рәсімдеу үшін ҚР Ішкі істер министрлігінің (ІІМ) аумақтық бөлімшелеріне немесе халыққа қызмет көрсету орталықтарына (ХҚО) жүгіну қажет. 

            Егер шетелге уақытша кеткен Қазақстан азаматы сол елде тұрақты тұруды ұйғарса, ол бұл туралы Қазақстанның консулдығына немесе дипломатиялық өкілдігіне жүгінуі тиіс. 

            Қазақстаннан тыс жерлерге тұрақты тұру үшін елден кетуді рәсімдеу жайындағы бүкіл ақпарат

ҚР Әділет министрлігінің «Жеке тұлғалар» Мемлекеттік дерекқорына (ЖТ МДҚ) тіркеліп отырады. Айта кетелік, бұл ақпараттардың барлығы ҚР ІІМ-нен келіп түседі. БЖЗҚ шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың құжаттарын тексеруге алғанда осы Мемлекеттік дерекқорға жүгінеді. 

Алушыдан ең аз құжаттар пакеті талап етіледі. Соның ішінде өзі келіп өтініш жасағанда:

Шетелдік азаматтың шетелдік паспортының түпнұсқасын, алушының банк шоты туралы мәліметін ұсынады және БЖЗҚ-да тиісті өтінішті толтырады. Сондай-ақ, құжаттарды ұсынудың балама жолы да бар. Ол, – құжаттарды үшінші тұлға (сенім артылған) немесе пошта байланысы арқылы ұсыну. 

            Шетелдіктен немесе азаматтығы жоқ азаматтан  тиісті құжаттарды алған соң, БЖЗҚ «Жеке тұлғалар» Мемлекеттік дерекқорына (ЖТ МДҚ) Қазақстаннан тыс жерлерге тұрақты тұру үшін кетуді рәсімдеу туралы мәліметтер сұрайды.  

            Құжаттарға қатысты оң жауап алынып, ешқандай ескертпелер болмаған жағдайда, БЖЗҚ құжаттар қабылданған немесе келіп түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде төлемдерді алушының өтінішінде көрсетілген банк шотына аударады.   

Ал құжаттарға қатысты теріс жауап және (немесе) ескертпелер алынған жағдайда, БЖЗҚ өтініш берген күні құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхатты бере отырып, өтінішті қабылдаудан немесе құжаттарды алған кезден бастап он жұмыс күні ішінде хабарлама жолдау арқылы бас тарту себебін көрсете отырып, өтінішті орындаудан бас тартады.

            Іс жүзінде шетелдіктер, олардың ішінде негізінен Ресей Федерациясы азаматтарының жиі өтініш жасайтындығы байқалады. Олар:

  1. Белгіленген тәртіпке сәйкес Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерге тұрақты тұруға кетуге арналған құжаттарды рәсімдеместен азаматтық алған. Бұл жерде оларға айтылар бір ғана ұсыныс бар – ҚР шегінен тыс жерлерге тұрақты тұру үшін елден кетуді міндетті түрде рәсімдеу қажет.
  2. ҚР шегінен тыс жерлерге тұрақты тұру үшін кетуге арналған құжаттарды белгіленген тәртіп бойынша рәсімдеген, бірақ:

            1) рәсімдеу реттілігін бұзған, яғни алдымен ҚР азаматтығынан айырылуды, ал кейін кетуді рәсімдеген;

            2) «Жеке тұлғалар» Мемлекеттік дерекқорында ақпарат жоқ және т. б.    

            БЖЗҚ соңғы санаттағы адамдардың мүдделерін қорғау және осы мәселе бойынша жан-жақты түсініктеме алу үшін ҚР Ішкі істер министрлігіне арнайы хат жолдады. Соған сәйкес ҚР ІІМ Көші-қон қызметі комитеті БЖЗҚ, ҚР ІІМ және басқа да уәкілетті мемлекеттік органдар өкілдерінің жұмыстық кездесуін ұйымдастырды. Бұл кездесу ағымдағы жылы 21 сәуірде Астана қаласында өтті.   

            Жұмыстық кездесудің нәтижесі бойынша ҚР шегінен тыс жерлерге тұрақты тұруға кету бойынша, оның ішінде БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін алу барысында туындайтын мәселелерді шұғыл шешу үшін БЖЗҚ, ҚР ІІМ және басқа да уәкілетті мемлекеттік органдар өкілдерінен тұратын жұмыс тобын құру туралы шешім қабылданды. Бұл бағытта БЖЗҚ тарапынан тұрақты негізде жұмыс жүргізіліп жатыр.

            БЖЗҚ мен ҚР ІІМ Көші-қон қызметі комитетінің бірлескен жұмысы барысында бұған дейін БЖЗҚ-ға зейнетақы жинақтарын алу бойынша өтініш жасап келген жекелеген шетелдіктер бойынша «азаматтығынан айрылудан» бастап «шетелге тұрақты тұруға кетуге» байланысты ҚР жеке куәлігінің жарамсыздығы себебі туралы ақпараттың өзектілігі арттырылды.      

            Бұл ретте басқа да жағдайлар бойынша жұмыстар атқарылып жатыр. Бұл жағдайлар ҚР ІІМ көші-қон қызметі комитеті жұмыскерлерінің тиісті тексерулерінен кейін реттеледі.

            Бұдан басқа, БЖЗҚ апта сайын кейбір адамдарға қатысты «Жеке тұлғалар» Мемлекеттік дерекқорындағы мәліметтерді өзекті қылу бойынша мониторинг жүргізіп келеді. Өйткені, БЖЗҚ  «Жеке тұлғалар» Мемлекеттік дерекқорында бұл адамдар бойынша Қазақстаннан тыс жерлерге тұрақты тұруға кету туралы мәліметтердің жоқтығына байланысты оларға зейнетақы жинақтарын төлеуден бас тартқан болатын.  

            Ал Қазақстаннан тыс жерлерге тұрақты тұруға кетуге қатысты мәліметтер жаңартылған сәтте БЖЗҚ алушыларға зейнетақы жинақтарын алу туралы өтінішті рәсімдеу керектігі жайында хабарлайды. 2017 жылғы 17 мамырдағы жағдай бойынша бұған дейін өтініш білдірген 250 адам бойынша «Жеке тұлғалар» Мемлекеттік дерекқорындағы мәліметтер жаңартылды. Демек, алушылар БЖЗҚ-ға ҚР Ішкі істер министрлігі «Жеке тұлғалар» Мемлекеттік дерекқорына Қазақстаннан тыс жерлерге тұрақты тұруға кету туралы мәліметтерді жіберіп үлгермей жатып асығыс өтініш жасап жатыр деген сөз.   

            БЖЗҚ-ға ұсыну тәсіліне қарай (өзі келіп өтініш жасағанда, үшінші тұлға немесе пошта байланысы арқылы жібергенде) барлық қажетті құжаттар тізілімі, оларды рәсімдеуге қатысты талаптар, сондай-ақ өтініш бланкалары және оларды толтыру үлгілері, сенімхат үлгілері, әр түрлі мемлекеттік органдардың түсіндірмелері Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының корпоративтік веб-сайтының www.enpf.kz мекенжайында орналастырылған. Ондағы ақпараттар тұрақты негізде жаңартылып отырады. 

 

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Қазақстан Республикасының Президенті басшылық ететін Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді.

Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

                                           

 

Баянауыл елді мекеніндегі қызмет

көрсету орталығының бастығы Турсунбаева Г.Т.

 

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы