Введите ваш запрос для начала поиска.

Міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен жеке зейнетақы шотын ашу үшін не қажет?

Жарияланған: 01.02.2017


Газеттердің редакциларына, www.enpf.kz сайтына, әлеуметтік желілердегі БЖЗҚ парақшаларына, Қордың байланыс орталығына зейнетақы жинақтары мен жалпы зейнетақы жүйесі туралы көбірек білгісі келетіндерден сауалдар келіп түседі. Олардың ішіндегі ең көп қойылатын сауалдарға жауапты «БЖЗҚ туралы 5 сауал» айдарынан оқи аласыздар.

  1. Міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен жеке зейнетақы шотын ашу үшін не қажет?

Міндетті зейнетақы жарналары есебінен жеке зейнетақы шотын ашу үшін жеке тұлға кез келген «БЖЗҚ» АҚ бөлімшесіне өзінің жеке басын куәландыратын құжаттың түпнұсқасын алып келіп, жеке зейнетақы шотын ашу туралы өтініш бере алады.

Жеке зейнетақы шотын төмендегі құжаттарды тапсыра отырып, сенім білдірілген тұлға арқылы да ашуға болады:

- сенім білдірілген тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат түпнұсқасы;

- нотариат куәландырған сенімхат түпнұсқасы не оның нотариат куәландырған көшірмесі;

- жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың нотариат куәландырған көшірмесі.

Бас бостандығынан айыру орындарындағы жеке тұлғаның мүддесін білдірген жағдайда, оның жеке басын куәландыратын құжат түпнұсқасын беруге болады.

Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (бұдан әрі – МКЗЖ) есебінен жеке зейнетақы шотын ашу үшін МКЗЖ аударылатын жеке тұлғаның пайдасына МКЗЖ төлейтін агент төмендегі құжаттарды береді:

  • - жарғы көшірмесі және көзбен шолу үшін оның түпнұсқасы не қызметін үлгі жарғы негізінде жүзеге асыратын заңды тұлғаны тіркеу туралы тіркеуші органдар қабылдаған өтініштің көшірмесі және көзбен шолу үшін оның түпнұсқасы (үлгі жарғыны ұсыну талап етілмейді);
  • - мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі және көзбен шолу үшін оның түпнұсқасы. Электрондық цифрлық қолтаңбасы бар мемлекеттік тіркеу туралы анықтама беруге болады, бұл ретте құжаттар топтамасына анықтаманың түпнұсқасы қосылады;
  • - үшінші тұлғаларға МКЗЖ есепке алу бойынша ЖЗШ ашу туралы өтінішке қол қою өкілеттігімен агент берген сенімхат түпнұсқасы не оның нотариат куәландырған көшірмесі;
  • - МКЗЖ есепке алу бойынша ЖЗШ ашу туралы өтінішке қол қоюға өкілеттігі бар үшінші тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат (түпнұсқа);
  • - агенттің банк деректемелері: бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН), банк сәйкестендіру коды (БСК), жеке сәйкестендіру коды (ЖСК), бенефициар коды (БеК).

 

 

Баянауыл елді мекеніндегі қызмет

көрсету орталығы бастығының м.а. Турсунбаева Г.Т.

 

 

 

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы