Менің қызым күйеуге шыққан соң, тегін ауыстырды. Бұл туралы БЖЗҚ-ға хабарлау керек пе?

Жарияланған: 22.09.2016


БЖЗҚ-ның дәстүрлі айдарында біз БЖЗҚ қызметіне және жалпы жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысты жиі қойылып жүрген сұрақтарға жауап береміз.

БЖЗҚ салымшының (алушының) тегі, аты, әкесінің аты, туған күнінің өзгеру деректері туралы ақпаратты ЗТМО-дан автоматты түрде алады. Салымшыда қордың ақпарат беру жөніндегі міндеттемелеріне әсер ететін қандай да бір басқа өзгерістер (мекенжайы, электрондық мекенжайы және т.б.) болған жағдайда, салымшы бұл туралы БЖЗҚ-ға белгіленген тәртіппен хабарлауға міндетті.   

Сондықтан, Қор барлық салымшыларынан БЖЗҚ-дағы деректерін тексеруді сұрайды  және оларға өз жинақтары туралы ақпарат алудың барынша ыңғайлы, заманға сай, үнемді әрі жылдам тәсілін таңдап алуға кеңес береді. Себебі бұл тәсілге олардың мекенжайының, орналасқан жерінің өзгергені әсер етпейді.  

 

Баянауыл елді мекеніндегі қызмет

көрсету орталығы бастығы Журавлёва Т.В.

 

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы