Введите ваш запрос для начала поиска.

Менің әкем – мүгедек. Өздігінен жүріп-тұра алмайды. Оның зейнетақы Қорына қатысты бірқатар сұрақтары бар еді. Қордың жергілікті кеңсесі алыста орналасқан. Өзі бара алмайды. Ал мен күні бойы жұмыстамын. Айтыңызшы, бұл жағдайда не істеуге болады?

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры Қазақстан Республикасында тұратын барлық азаматтар, шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар үшін зейнетақы қызметтеріне бірдей қолжетімділікті қамтамасыз етеді.   

Кімде-кім қандай да бір себептермен, бірінші кезекте денсаулығына байланысты Қор кеңсесіне келе алмайтын болса, Қор қызметкерлері оған өздері барады.

Сіз әкеңіз үшін «Мобильдік агент» қызметіне тапсырыс бере аласыз. Бұл үшін Қордың байланыс орталығына телефон шалу немесе Қор сайтының «Электрондық қызмет көрсету» бөлімінің «Халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтары үшін электрондық өтініш беру» нысаны арқылы өтінім бере аласыз. Бұл қызмет туралы мына сілтеме арқылы толығырақ білуге болады:   https://www.enpf.kz/kz/elektronnye-servisy/mo.php.

Егер әкеңізде электрондық цифрлық қолтаңбаның (ЭЦҚ) өзекті кілті бар болса, ол соның көмегімен шарт жасаудан бастап зейнетақы төлемдерін алуға дейін зейнетақы қызметтерінің барлық дерлік түрін ала алады.  

 

Баянауыл елді мекеніндегі қызмет

көрсету орталығының бастығы Турсунбаева Г.Т.

тел: 87184090102

 

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы