Мен Қазақстан азаматымын, бірақ шетелдік компанияда қызмет атқарамын. Менің жұмыс берушім менің пайдама зейнетақы жарналарын төлеуге міндетті ме?

«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 24-бабының 1 тармағына сәйкес.

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына мiндеттi зейнетақы жарналары осы Заңда айқындалатын мөлшерлемелер бойынша агенттердің төлеуіне жатады.

Бұл ретте Заңның 1-бабының 28) тармақшасына сәйкес мiндеттi зейнетақы жарналарын төлеу жөнiндегi агент - Қазақстан Республикасында қызметiн шетелдiк заңды тұлғалардың тұрақты мекемесi, филиалдары, өкілдіктері арқылы жүзеге асыратын шетелдiк заңды тұлғаларды қоса алғанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртiппен мiндеттi зейнетақы жарналарын есептейтiн, ұстап қалатын (есебіне жазатын) және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аударатын жеке немесе заңды тұлға болып табылады. Егер шетелдік компания Қазақстан аумағында орналасқан болса, сәйкесінше, агент Сіздің айлық табысыңыздан міндетті зейнетақы жарналарын ұстап, зейнетақы Қорына аударуға міндетті. 

Бұл ретте халықаралық ұйымдардың Қазақстан Республикасындағы өкілдіктерінде, Қазақстан Республикасында аккредиттелген шетелдік мемлекеттердің диплдоматиялық өкілдіктері мен консулдық мекемелерінде қызмет атқаратын Қазақстан азаматтары міндетті зейнетақы жарналарын төлеу бойынша құқықтық қатынастарға қатыса отырып, БЖЗҚ-ға міндетті зейнетақы жарналарын өз бетімен аударуға құқылы.

 

Баянауыл елді мекеніндегі қызмет

көрсету орталығының бастығы Турсунбаева Г.Т.

 

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы