Введите ваш запрос для начала поиска.

Коэффициенттің шамасы зейнетақы жинақтарының инвестициялану жағдайына тәуелді ме? Осыған байланысты арттырушы коэффициент пайда болуы мүмкін бе?

Зейнетақы жарналары есебінен қалыптасатын жинақтарға күн сайын инвестициялық табыс есептеледі. Сәйкесінше бұл ай сайынғы зейнетақы төлемдерінің мөлшеріне оң әсер етеді. 

Кезекті төлемнен кейін жеке зейнетақы шотындағы қаржы тұрақты түрде инвестицияланады және оған күн сайын табыс есептеледі. Демек, шоттағы зейнетақы жинақтарының сомасы арта түседі деген сөз. Сонымен қатар, зейнетақы жинақтарының көлемі зейнетақы жарналарының қомақты мөлшерде тұрақты аударылып отыруына да тәуелді.              

         Сонымен қатар инфляция деңгейі ескеріле отырып, ең төмен күнкөріс деңгейі, ең төмен зейнетақы және басқа да есептік көрсеткіштер жыл сайын қайта есептеліп отырады. Ал бұл ортақ және базалық зейнетақының мөлшеріне әсер етеді.  

 

Баянауыл елді мекеніндегі қызмет

көрсету орталығының бастығы Турсунбаева Г.Т.

тел: 87184090102

 

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы