Әйелдер үшін зейнетақы жасының өзгеруі

Жарияланған: 27.11.2017


"Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 маусымдағы Заңынасәйкес, 2018 жылдан  2027жылға дейін әйелдердің зейнетақы жасының кезеңмен жоғарылауын көздейтін норма 2018 жылдың 01- қаңтарынан  бастап күшіне енеді. Ол жыл сайын, 10 жылдың ішінде біртіндеп іске асырылады.

2018 жылдың 01-шілдесінен бастап, зейнетақы жүйесінде қатысу өтіліне байланысты тағайындалатын, базалық зейнетақы төлемдерін тағайындау әдістемесінің өзгеруі көзделеді. Базалық зейнетақы жалпы белгіленген зейнетақы жасына жеткен азаматтарға ғана тағайындалатын болады: ер адамдар үшін 63 жас, әйел адамдар үшін 58 жас және 6 ай.

Зейнетақы өтіліне не кіреді:

Зейнетақы өтіліне: ынтымақты жүйесінде жинақталған 1998жылдың 01 қаңтарына еңбек өтілі; міндетті зейнетақы жарналары төленген аралықты қарастыратын жинақтау өтілі; бала үш жасқа толғанға дейінгі, 16 жасқа дейінгі жастайынан мүгедек баланың күтімі; әскери қызметкермен, арнайы мемлекеттік органдар қызметкерімен, дипломатиялық жұмыскерлермен т.б. бірге тұрған уақыты.

Бұл өзгерістер, 2018  жылдың 01 шілдесінен бастапбазалық зейнетақы қайта есептеулері жүргізілетін зейнеткерліктегі және жаңадан зейнеткерлікке шығатын зейнеткерлерге таралады.

Зейнетақы есептеулерінің әдістемесі:

Егер азамат 10 жыл ғана жұмыс істеп оны БЗЖҚ аударған болса, немесе мүлдем жұмыс істемесе, оған базалық зейнетақы ең төменгі күнкөріс деңгейі 54%-ы мөлшерінде тағайындалады. 10 жылдан жоғары әрбір жыл үшін оның мөлшері 2%-ға жоғарылап отырады. Мысалы, 20 жылдың қатысуы өтілінде базалық зейнетақының мөлшері  ең төменгі күнкөріс деңгейінің 74%-ын, 30 жылда - 94% құрайды. Еңбек өтілі 33 және одан да көп жылды құрайтын болса, базалық зейнетақының мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінің 100%-ын құрайды.

Зейнетақы жасы кімдерге тимейді:

Қазақстандағы зейнет жасының көтерілуі зейнеткерлікке қазіргі кезде ерте шығуға жеңілдігі бар әйелдерге қатысы жоқ. Бұл,бес және одан көп бала туған (асырап алған) және оларды он сегіз жасқа дейін тәрбиелеген әйелдер. Олар 53 жасқа толғанда жасы бойынша зейнетақы төлемдеріне құқығы бар. Сонымен қатар, 1949 – жылдың 29 тамызынан бастап 1963 жылдың 05 шілдесіне дейінгі мерзімде, төтенше және максималды радиациялық қаупі бар аймақтарда  5 жылдан кем емес уақыт тұрған әйелдер, 45 жасқа толғаны бойынша зейнетақы төлемдерін тағайындауға құқықтары бар.

Зейнетақы рәсімдеу үшін жүгінудің мерзімдері бойынша:

Егер зейнет жасына әйел 2017 жылдың 10 қарашасында толып (58 жас), және уақытында (2017жылдың 31 желтоқсанына дейін) жасына байланысты зейнетақы төлемін тағайындауға өтініш білдірмесе және 2018 жылдың 1 қаңтарында келсе, Заңның 11- бабының 1-тармағына сәйкес жасына байланысты зейнетақы төлемін тағайындауға өтінішпен және құжаттарымен тек 58,6 жасқа толғанда өтініш бере алады.

 

Зейнет жасын кезең-кезеңмен көтеру кестесі

Жыл

Зейнетжасы

Туған күні

2018 жыл 1қаңтар

58 жас 6 ай

1960- жылғы 1- қаңтардан 1960- жылғы

30- маусым аралығы

2019 жыл1қаңтар

59 жас

1960- жылғы 1- шілдеден 1960- жылғы

31- желтоқсан аралығы

2020 жыл1қаңтар

59 жас 6 ай

1961- қаңтардан 1961- жылғы

30- маусымаралығы

2021 жыл1қаңтар

60 жас

1961- жылғы 1- шілдеден 1961- жылғы

31- желтоқсан аралығы

2022 жыл1қаңтар

60 жас 6 ай

1962- жылғы 1- қаңтардан 1962 - жылғы

30- маусымаралығы

2023 жыл1қаңтар

61 жас

1962- жылғы 1- шілдеден 1962 -жылғы

31- желтоқсан аралығы

2024 жыл1қаңтар

61 жас 6 ай

1963 -жылғы 1- қаңтардан 1963- жылғы

30- маусымаралығы

2025 жыл1қаңтар

62 жас

1963 -жылғы 1- шілдеден 1963- жылғы

31- желтоқсан аралығы

2026 жыл1қаңтар

62 жас 6 ай

1964 -жылғы 1- қаңтардан 1964- жылғы

30 –маусымаралығы

2027 жыл1қаңтар

63 жас

1964 -жылғы 1- шілдеден 1964- жылғы

31- желтоқсан аралығы

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы»

КЕАҚ Павлодар облысы бойынша филиалы –

«Әлеуметтік төлемдерді ведомствоаралық

есептеу орталығы» департаментінің Баянауыл аудандық бөлімшесі

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы