Введите ваш запрос для начала поиска.

Естуімше, Қазақстан зейнетақы жүйесін реформалау барысында үлгіт ретінде Чилидің моделі алыныпты. Неге басқа ел емес, осы Чили таңдап алынған?

Әр елдегі зейнетақы реформасы демографиялық, мәдени, әлеуметтік, саяси, қаржылық ерекшеліктер мен мүмкіндіктер ескеріле отырып жүзеге асырылады. Мысалы, Чилидегі зейнетақы реформасының өзіндік сипатына келер болсақ, бұл елде «ұрпақтар ынтымақтастығына» негізделген зейнетақы алу құқығы мемлекет кепілдік беретін төлемдерге ауыстырылды және бір-бірімен бәсекелес бірнеше компанияда жұмыскерлерді міндетті жинақтаушы сақтандыру жүйесі енгізілді. Чилиден алынған негізгі үлгі, ол - зейнетақымен қамсыздандыру бойынша мемлекеттік ортақ жүйеден тиянақталған міндетті жарналары және ерікті зейнетақы жарналары бар жинақтаушы зейнетақы жүйесі. Бұл ретте айта кететін жәйт, Чили моделі қаз-қалпында көшіріп алынған жоқ. Отандық мамандар ең үздік халықаралық тәжірибелерді алдымен терең зерттеп, жан-жақты талдайды. Тек содан кейін барып Қазақстанға енгізеді. Мысалы, жақын болашақта елімізде шартты-жинақтаушы құрамдауыш енгізіледі. Оған негіз ретінде Швеция моделі негізге алынып отыр.

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы