Введите ваш запрос для начала поиска.

Ерікті зейнетақы жарналары бойынша шарт жасау үшін не қажет?

Жарияланған: 06.02.2017


БЖЗҚ туралы 5 сауал

Газеттердің редакциларына, www.enpf.kz сайтына, әлеуметтік желілердегі БЖЗҚ парақшаларына, Қордың байланыс орталығына зейнетақы жинақтары мен жалпы зейнетақы жүйесі туралы көбірек білгісі келетіндерден сауалдар келіп түседі. Олардың ішіндегі ең көп қойылатын сауалдарға жауапты «БЖЗҚ туралы 5 сауал» айдарынан оқи аласыздар.

 

  1. Ерікті зейнетақы жарналары бойынша шарт жасау үшін не қажет?

Ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) – салымшының БЖЗҚ-ға немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына өз еркімен салатын ақшасы. Ерікті жарналарды өзің үшін де, үшінші тұлғалар үшін де, мысалы, өз жақындарыңның пайдасына салуға болады немесе жұмыс беруші өз қызметкерлерінің пайдасына сала алады.

ЕЗЖ есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартты өз пайдасына жасау үшін салымшы жеке басын куәландыратын құжатты беру керек (көшірмесі және көзбен шолу үшін түпнұсқасы). Егер шартты жеке тұлға үшінші тұлғаның пайдасына жасаса, жеке басты куәландыратын құжатты (көшірмесі және түпнұсқасы) салымшы да, алушы да береді.

Үшінші тұлғаның пайдасына шарт жасау үшін заңды тұлға салымшы төмендегі құжаттарды береді:

заңды тұлға жарғысының нотариат куәландырған көшірмесі және лицензия (егер салымшы қызметіне лицензия берілетін болса);

заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама немесе БСН көрсетілген заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) куәлігінің нотариат куәландырған көшірмесі;

заңды тұлғаның бірінші басшысының өкілеттігін (мәртебесін) растайтын құжат;

заңды тұлға атынан шартқа қол қою өкілеттігі көрсетілген заңды тұлға сенімхатының түпнұсқасы;

заңды тұлға атынан шартқа қол қоюға уәкілетті тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат түпнұсқасы;

заңды тұлға құрылтайшыларының жеке басын куәландыратын құжаттардың заңды тұлға куәландырған көшірмелері (акционерлік қоғамдардың құжаттары, сондай-ақ шаруашылық серіктестік қатысушыларының тізілімін тіркеуші жүргізетін шаруашылық серіктестік құрылтайшыларының құжаттары қосылмайды).

Алушы жеке басын куәландыратын құжат береді (түпнұсқа).

ЕЗЖ есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартты кәмелетке толмаған азаматтар да жасай алады. Бұл жағдайда, 14 жасқа дейінгі кәмелетке толмаған тұлғаның атынан әрекет ететін заңды тұлға төмендегі құжаттарды береді:

1) кәмелетке толмаған тұлғаның туу туралы куәлігі (түпнұсқа);

2) заңды өкілдің жеке басын куәландыратын құжат (түпнұсқа);

3) ата-анасы болмаған кезде: қорғаншылық тағайындалғанын растайтын құжат (түпнұсқа) – қорғаншы тағайындалғаны туралы анықтама/баланы патронат тәрбиеге беру туралы шарт.

Мұндайда шартқа заңды өкіл қол қояды.

            14 жастан бастап 18 жасқа дейінгі кәмелетке толмаған тұлға шартты заңды өкілдің жазбаша келісімімен өз бетінше жасайды және төмендегі құжаттарды береді:

            14 жастан бастап 16 жасқа дейін:

            кәмелетке толмаған тұлғаның туу туралы куәлігі (түпнұсқа);

заңды өкілдің жеке басын куәландыратын құжат (түпнұсқа);

            ата-анасы болмаған кезде: қорғаншылық тағайындалғанын растайтын құжат (түпнұсқа) – қорғаншы тағайындалғаны туралы анықтама не баланы патронат тәрбиеге беру туралы шарт.

Кәмелетке толмаған тұлғаның (туған күні 2007 жылғы тамызға дейін) туу туралы куәлігінде  ЖСН деректемелері болмаған жағдайда, туу туралы куәлікке қосымша ЖСН тіркеу туралы куәліктің түпнұсқасын не Қазақстан Республикасының азаматы төлқұжатының түпнұсқасын беру қажет;

            16 жастан бастап 18 жасқа дейін:

  кәмелетке толмаған тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат (түпнұсқа) және кәмелетке толмаған тұлғаның туу туралы куәлігі (түпнұсқа);

            заңды өкілдің жеке басын куәландыратын құжат (түпнұсқа);

            ата-анасы болмаған кезде: қорғаншылық тағайындалғанын растайтын құжат(түпнұсқа) – қорғаншы тағайындалғаны туралы анықтама не баланы патронат тәрбиеге беру туралы шарт.

ЕЗЖ мөлшерлемесі, оны төлеу және кейіннен ЕЗЖ есебінен құралған зейнетақы жинақтарын төлеу тәртібі ЕЗЖ есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт тараптарының келісімі бойынша белгіленеді.

 

Баянауыл елді мекеніндегі қызмет

көрсету орталығы бастығының м.а. Турсунбаева Г.Т.

 

 

 

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы