Введите ваш запрос для начала поиска.

БЖЗҚ сұрақтарға жауап береді

Жарияланған: 27.09.2016


  1. Зейнетақы жинақтарының сақталуына кепілдіктер бар ма?

«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес мемлекеталушыларға бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы мiндеттi зейнетақы жарналарының, мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналарының алушының зейнетақы төлемдерiне құқықты иемдену кезiндегi инфляция деңгейiн ескере отырып, iс жүзiнде енгiзiлген мiндеттi зейнетақы жарналары, мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналары мөлшерiнде сақталуына кепiлдiк бередi.

  1. Зейнетақы жинақтарының жағдайы туралы ақпаратты салымшылар қалай ала алады?

Зейнетақы жинақтарының жағдайы туралы ақпарат алудың арналары бірнешеу. Салымшы өзі үшін ең ыңғайлысын таңдай алады:

-          Салымшының БЖЗҚ өзі келуі (Қазақстан бойынша БЖЗҚ 236 офис);

-          жеке зейнетақы шотын ашу туралы өтініште немесе жеке келісімде көрсетілген салымшының электрондық мекенжайына хабарламаны жіберу;

-          www.enpf.kz сайтында «Интернет-үзінді көшірме» бөлімі арқылы Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының кез келген офисінде тіркелетін логин мен пароль болса, немесе электрондық цифрлік қолтаңбасы (ЭЦҚ) болса. «Интернет қызметтері арқылы жеке өзі өтініш жасаған кезде» хабарландыру тәсілін таңдап және логин мен пароль болса,  Android, iOS (iPhone, iPad) және Windows Phone операциялық жүйелерінде жұмыс істейтін смартфондар мен планшеттер үшін БЖЗҚ мамандары әзірлеген ENPF мобильді қосымшасын пайдаланса болады.

-          egov.kz.  электрондық үкімет порталы арқылы. Қызмет www.egov.kz порталында «Азаматтар» санатында – «Әлеуметтік қамсыздандыру» айдары  – «Зейнетақымен қамсыздандыру» бөлімі. Қызметті пайдалану үшін ЭЦҚ және электрондық үкімет порталында тіркелу қажет.

-          пошта арқылы, зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартта немесе өтініште көрсетілген мекенжай бойынша.

  1. Фамилиясы, мекенжайы және т.б. өзгерген жағдайда салымшының әрекеті?

Салымшының (алушының) фамииясы, аты, әкесінің аты, туған күнінің өзгергені туралы БЖЗҚ автоматты түрде Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан (ЗТМО) ақпарат алады. Ақпарат беру бойынша қордың міндеттемелерін орындауға әсер ететін қандайда бір өзгерістер (мекенжай, электрондық мекенжайдың өзгеруі және т.б.) болған жағдайда салымшылар белгіленген тәртіпте бұл туралы БЖЗҚ хабарлауға міндетті.

Қор барлық салымшыларын өздерінің Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы деректерін тексеруді өтінеді және жинақтары туралы ақпарат алудың ең ыңғайлы, заманауи, тиімді және жедел тәсілін таңдауды ұсынады.

  1. Зейнетақы жинақтарын жылжымайтын мүлікті сатып алуға, шет елде емделу ақысын, немерелерінің оқуын төлеуге пайдалануға болады ма?

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы төлемдері Заңмен көзделген белгілі бір жағдайлар туындағанда, сонымен қоса зейнет жасына жеткен кезде ғана  алынады.

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы зейнетақы жинақтары есебінен кредитін жабу, жылжымайтын мүлік сатып алу, емделу ақысын төлеу мүмкіндігі қолданыстағы заңнамада көзделмеген.

  1. Зейнетақы жарналарын ерікті түрде аударуға болады ма?

Әрине, болады. Зейнетақы мөлшерін өз бетінше көбейту үшін, сіз Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорымен ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартқа отыра аласыз.

Ерікті зейнетақы жарналарының мөлшерлемесі, оларды төлеу тәртібі, сондай-ақ зейнетақы төлемдерінің тәртібі осы шарт тараптарының келісімі бойынша белгіленеді.

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы