Введите ваш запрос для начала поиска.

БЖЗҚ сұрақтарға жауап береді

Жарияланған: 06.09.2016


БЖЗҚ-ның дәстүрлі айдарында біз БЖЗҚ қызметіне және жалпы жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысты жиі қойылып жүрген сұрақтарға жауап береміз.

  1. Мен әлі жаспын, ешқандай зейнетақы аударымдарым да жоқ. Болашақ зейнетақымның жақсы болуы үшін қазір не істеуім керек?

2018 жылдан бастап зейнетақы төлемдерінің, оның ішінде мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдерінің мөлшері жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысуға байланысты болады.

Мәселен, зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі 10 жыл және одан аз болса не мүлдем болмаса, мемлекеттік базалық зейнетақы мөлшері республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейі (бұдан әрі – ЕТК) шамасының 50%-на тең болады, оның мөлшері он жылдан артық зейнетақы жүйесіне қатысу өтілінің әрбір толық жылы үшін  2 пайызға ұлғаяды, бірақ республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ЕТК шамасының 100%-нан аспайды.

Бүгінгі таңдағы зейнетақының жинақтаушы бөлігі:                                       

- 10% қызметкердің міндетті зейнетақы жарналары (бұл біз 1998 жылдан

бастап ай сайын өз жалақымыздан 10% аудара отырып, жинап келе жатқан сома);

- 5% міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (бұл еңбек жағдайлары зиянды (аса

зиянды) қызметкерлердің пайдасына өз қаражаты есебінен міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарынан төлейтін агент (жұмыс беруші) 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап аударатын - қызметкердің ай сайынғы табысының 5 % мөлшеріндегі сома) ;

- ерікті зейнетақы жарналары.

Бұған қоса, 2018 жылдан бастап, қолданыстағы жинақтаушы зейнетақы жүйесіне

өзгерістер, яғни шартты-жинақтаушы құрамдауыш немесе жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары енгізілетін болады. Оны жұмыс беруші зейнетақы жарналарын аудару үшін қабылданатын қызметкердің ай сайынғы табысының 5 % мөлшерінде барлық қызметкерлеріне олардың еңбек жағдайларына қарамастан аудару үшін өз қаражаты есебінен төлейді.

Сіз әлі жассыз, бірақ қазірден бастап зейнет жасындағы тұрмысыңызды  ойлағаныңыз абзал. Сіздің зейнетақыңыздың негізгі бөлігін бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін зейнетақы төлемдері, яғни зейнетақы жинақтары құрайды.      

Болашақта зейнетақыңыз жеткілікті болсын десеңіз, міндетті зейнетақы жарналарының БЖЗҚ-ға тұрақты түрде әрі толық көлемде түсіп тұрғанын қадағалап отыру аса маңызды. Басқа жинақтаушы құралдар туралы да ойлаған артық болмайды, мысал ретінде ерікті зейнетақы жарналарын алуға болады. Ерікті жарналарды кез-келген қазақстандық төлей алады, ол ерікті зейнетақы шотын ашып,  сол арқылы өз зейнетақы жинақтарын көбейтеді. Ерікті зейнетақы жарналарының мөлшерлемесі, оларды төлеу тәртібі, сондай-ақ зейнетақы төлемдерінің тәртібі ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт тараптарының келісімі бойынша белгіленеді.    

Сонымен, егер Сіз зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартты (шарттарды) жасамаған болсаңыз, БЖЗҚ кеңселерінің біріне жеке куәлігіңізбен келіп, жеке зейнетақы шотын ашу туралы өтінішті (өтініштерді) ресімдегеніңіз жөн.

 

Баянауыл елді мекеніндегі қызмет

көрсету орталығы бастығы Журавлёва Т.В.

 

 

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы