БЖЗҚ сұрақтарға жауап береді

Жарияланған: 18.07.2016


БЖЗҚ-ның дәстүрлі айдарында біз БЖЗҚ қызметіне және жалпы жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысты жиі қойылып жүрген сұрақтарға жауап береміз.

1. БЖЗҚ-дан үзінді көшірмені жылына бір рет пошта арқылы аламын. Алайда, өз зейнетақы шотымды жиі тексеріп тұрсам ба деп едім. Оны қалай істеуге болады?

Ол үшін жеке зейнетақы шотының (ЖЗШ) жай-күйі туралы ақпарат алудың өте ыңғайлы әрі жылдам тәсілін таңдайсыз. Мысалы, салымшының  жеке зейнетақы шотын ашу туралы өтініште немесе жекелеген келісімде көрсетілген электрондық мекенжайына хабарлама жіберу. Салымшы электрондық мекенжайына үзінді-көшірме (ай сайын немесе тоқсан сайын) алу кезеңділігін өзі белгілейді. ЖЗШ жай-күйі туралы ақпарат алудың тағы бір жылдам тәсілінің бірі – www.enpf.kz  сайтындағы «Интернет-үзінді көшірме» арқылы алу тәсілі, ол үшін логин мен пароль не электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) болу керек. Сондай-ақ «интернет қызметі арқылы өзінің өтініш жасауы» деген хабарлау тәсілін таңдап, БЖЗҚ мамандарының Android және iOS (iPhone, iPad) және Windows Phone операциялық жүйелерінде жұмыс істейтін смартфондар мен планшеттерге арналған ENPF ұялы қосымшасын пайдалануға болады, бұл үшін де логин мен пароль керек. Салымшы (алушы) БЖЗҚ-ға жеке басын куәландыратын құжатымен келіп, өтініш жасай отырып және хабарлау тәсілін өзгерту/белгілеу туралы келісім жасап хабарлаудың басқа тәсілін белгілей немесе таңдай алады.

 

2. Интернет-үзінді көшірмені қарау үшін логин мен парольді қалай тіркеуге болады?

Пайдаланушының логині мен паролін пайдалана отырып, интернет арқылы зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпаратты қарау үшін БЖЗҚ-ға өтініш жасап, хабарлау тәсілін өзгерту/анықтау туралы келісім жасау керек. Салымшы мұны «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР Заңының 57-бабында көзделген зейнетақы жинақтарының құпиясын сақтау туралы заң нормаларын сақтау үшін жасайды. Логин мен парольді тіркеу/қайта тіркеу www.enpf.kz сайтының «Интернет-үзінді көшірме»  бөлімінде тікелей жүзеге асырылады.

 

3. еnpf.kz  сайтында зейнетақы калькуляторын көрдім. Бұл не?  

Зейнетақы калькуляторы – бұл еңбек қызметінің басынан бастап әзірлеуге, жеке зейнетақы жоспарларын құруға арналған көмекші құрал. Оның көмегімен салымшының болашақтағы зейнетақысының болжамды мөлшерін көруге болады.    

Бүгінгі күннің зейнеткер алушылары ағымдағы зейнетақы калькуляторының көмегімен міндетті зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтары төлемінің мөлшерін есептей алады.

Болжамды зейнетақы калькуляторын зейнет жасына толмаған салымшылар пайдалана алады. Бұл калькулятор ортақ, базалық, жинақтаушы және ерікті зейнетақыны болжаммен есептеуге арналған. Есеп инфляцияның өсуіне, инвестициялық кірістілікке, жалақының өсуіне қарай болжамдарға негізделген. Есеп нәтижесі түрлі болжамды деректермен ерекшеленетін оптимистік, реалистік және пессимистік деп аталатын сценарий бойынша беріледі. Зейнетақы калькуляторы зейнетке шыққанда болатын төлемдер туралы болжам жасауға мүмкіндік береді.     

Осылайша, Қор салымшылары қажетті деректерді енгізе отырып, зейнетке шыққан кездегі зейнетақы төлемдерінің жиынтық сомасын есептей алады және дәл қазірден бастап жеке зейнетақы шотына аударымдардың қаншалықты жеткілікті түрде жасалып жатқанын да ойлауға болады. жинақтардың басқа құралдарын, қолдана отырып, алдағы зейнетақы жасына жеткенге дейінгі жиынтық зейнетақыны көбейтуге болады – мысалы ерікті зейнетақы жарналары. Тіпті тұрақты негізде жасалатын ең төменгі ерікті зейнетақы жарналары зейнетақы жинақтарын едәуір көбейтуге мүмкіндік береді. Бұған қоса, өз пайдасына енгізілетін ерікті жарналарының сомасы оны салымшы БЖЗҚ-ға өз бетінше аударған кезде салық салудан босатылады.    

 Зейнетақы калькуляторы арқылы есеп жасай отырып, болашақ зейнетақы мөлшерінің зейнетақы жарналарының жүйелілігі мен толықтығына байланысты болатынына көз жеткізуге болады. Зейнетақы калькуляторымен (ағымдағы/болжамды) жұмыс қағидаларымен enpf.kz сайтында орналастырылған «Жадынамадан» таныса аласыз.

 

 

4. Өткен жылы зейнетақы заңнамасына өзгерістер енгізілді. Осы өзгерістер негізінде 2018 жылдан бастап болашақ зейнетақымыз қандай құрамдауыштардан қалыптасады?

1998 жылғы 1 қаңтарға дейін кемінде 6 күнтізбелік ай еңбек өтілі бар адамдар жинақтаушы және шартты жинақтаушы жүйелерден (бұдан әрі – ШЖЖ) төленетін төлемдермен қатар бюджеттен базалық және ортақ зейнетақы алатын болады.

Осылайша, зейнетақы:

1)  бюджет қаражаты есебінен:

- 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін кемінде алты күнтізбелік ай еңбек өтілі болғанда еңбек зейнетақысы;

- мөлшері еңбек өтіліне және жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысуына тәуелді болатын  базовой  зейнетақы;

2) жинақтаушы зейнетақы есебінен:

- қызметкердің ай сайынғы табысынан 10% міндетті зейнетақы жарналары (бұл  1998 жылдан бері ай сайын жалақыдан 10% аударыла отырып жиналған сома);

- қызметкердің ай сайынғы табысынан 5% міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (бұл 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап зиянды (аса зиянды) жұмыс беруші өз қаражаты есебінен еңбек жағдайларында жұмыс істейтін қызметкерлердің пайдасына аударатын ақша)

- 2018 жылдан бастап енгізілетін жұмыс берушінің барлық қызметкерлер үшін (олардың еңбек жағдайларына қарамастан) олардың шартты зейнетақы шоттарына жұмыс беруші төлейтін  жаңа 5% міндетті зейнетақы жарналары есебінен қалыптасады. Осы шоттардан төленетін төлемдер ЖМЗЖ жиынтығында ең кемі 60 күнтізбелік күн аударылған жағдайда, 2023 жылдан кейін жүргізілетін болады. 

 

  1. Үшінші тұлғаның пайдасына зейнетақы жарналарын жасауға бола ма?

Ерікті зейнетақы жарналары (бұдан әрі – ЕЗЖ) есебінен зейнетақымен қамсыздандыру

туралы шарт жасаған жағдайда үшінші тұлғаның пайдасына зейнетақы жарналары аударылады. ЕЗЖ есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасау үшін салымшы мен алушы БЖЗҚ дербес қызмет көрсету орталығына келіп, өтініш жасайды. Өзімен бірге жеке басын куәландыратын құжатын әкеледі. 

 

 

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы