Введите ваш запрос для начала поиска.

БЖЗҚ офисіне бармай –ақ реквизиттердегі мекен-жайды өзгертуге бола ма?

БЖЗҚ  2017 жылы өзінің электрондық қызмет көрсету жүйесін кеңейтіп, салымшыларға Қор сайтындағы жеке кабинеті арқылы реквизиттеріне өзгеріс енгізуге мүмкіндік берді. Енді БЖЗҚ-ың автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде тіркелген   реквизиттердің (жеке куәлік туралы ақпарат, тұрғылықты жердің мекен-жайы, электрондық мекен-жай (e-mail), телефон номерлері) өзектілігін электрондық сандық қолтаңбаның өзекті кілті бар жағдайда өз бетінше тексеріп, қажет жағдайда өзгерістер және (немесе) түзетулер  енгізуге болады.  Бұл үшін БЖЗҚ сайтындағы «Электрондық сервистер» атты бөлімге кіріп, «Реквизиттерге өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу» атты электрондық қызметке жүгініп, керекті өзерістерді енгізу қажет.

Баянауыл елді мекеніндегі қызмет

көрсету орталығының бастығы Турсунбаева Г.Т.

тел: 87184090102

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы