БЖЗҚ-ның зейнетақы жинақтарын инвестицияламайтынын оқыдым, сонда зейнетақы активтерін кім басқарады?

Жарияланған: 09.11.2017


- БЖЗҚ-ның зейнетақы жинақтарын инвестицияламайтынын оқыдым, сонда зейнетақы активтерін кім басқарады?

«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы заңының 35-бабына сәйкес Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін ҚР Ұлттық банкі сенімгерлікпен басқарады. Бұл заңды 2013 жылы Қазақстан Республикасының Парламенті қабылдағанын еске сала кеткен жөн.

Бұл жерде зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру, инвестициялау бағыттары мен қаржы құралдарының тізбесін айқындау бойынша ұсыныстар әзірлеу қызметі 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап Ұлттық қорды басқару жөніндегі кеңеске жүктелген. Бұл Кеңестің құрамына ҚР Ұлттық Банкінің, ҚР Есеп комитетінің, ҚР Парламенті Сенатының, Мәжілісінің төрағалары және қаржы-экономикалық блоктың министрлері енген.  

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін басқару жөніндегі кеңес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің консультативтік-кеңесші органы болып табылады.

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін басқару жөніндегі кеңестің құрамына: Қазақстан Республикасы Үкіметінің екі өкілі, Қазақстан Республикасы Парламентінің екі депутаты, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің екі өкілі және Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін басқару жөніндегі кеңес мүшелерінің жалпы санының отыз пайызынан саны кем болмайтын тәуелсіз сарапшылар кіреді.

Зейнетақы активтері сатып алуға рұқсат етілген қаржы құралдарына ғана инвестицияланады. Ал олардың тізбесі жыл сайын ҚР Үкіметінің қаулысымен бекітіліп отырады. Бұл қаржы құралдарының құрамында Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің борышқорлық құнды қағаздарымен қатар, теңге, шетелдік валюта және алтынмен салынған депозиттер бар.  

Осылайша елімізде зейнетақы активтерін басқару бойынша шешімдер қабылдаудың көпдеңгейлі жүйесі құрылған.  

       БЖЗҚ инвестициялық портфелінің құрылымы туралы бүкіл ақпарат, ҚР ҰБ Басқармасының 2013 жылғы 26 шілдедегі №199-шы қаулысына сәйкес,   тоқсан сайын БЖЗҚ интернет ресурсында және бұқаралық ақпарат құралдарында жария етіледі.

       Бұл ақпараттар сондай-ақ зейнетақы активтері есебінен қалыптастырылған инвестициялық портфельдің құрылымы туралы мәліметтерден тұрады.   

       Сәйкесінше бұл мәліметтердің құрамында эмитенттер, қаржы құралдарының түрлері, қаржы құралдары номинирленген валюталар, сондай-ақ, БЖЗҚ инвестициялық портфеліндегі қаржы құралдарының үлестік салмағы, атаулы және ағымдағы құны туралы мағлұматтар бар.       

       Аталған мәліметтер Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының интернет-ресурсында онлайн-режімінде «Инвестициялық қызмет – «Зейнетақы активтерінің инвестициялық портфелінің құрылымы» бөлімінде қол жетімді.

 

Баянауыл елді мекеніндегі қызмет

көрсету орталығының бастығы Турсунбаева Г.Т.

 

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы