БЖЗҚ-дағы салымшылардың жалпы саны және зейнетақы жинақтарының сомасы бүгінде қандай?

Жарияланған: 05.12.2016


1. БЖЗҚ-дағы салымшылардың жалпы саны және зейнетақы жинақтарының сомасы бүгінде қандай?

2016 жылғы 1 тамызда шарттардың барлық түрі бойынша салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарының (ЖЗШ) саны 10,15 млн. бірліктен асты, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары есебінен жасалғаны шамамен 9,7 млн. Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша салымшылар саны – 405 713 бірлік, ал ерікті зейнетақы жарналары бойынша 39 мыңнан астам бірлік. Зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы 6,35 трлн. теңгеден асты.

2. Аннуитет шарттар дегеніміз не?

Қолданыстағы заңнама аясында «БЖЗҚ» АҚ-дан (БЖЗҚ) зейнетақы төлемдерін «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының заңында (Заң) көзделген белгілі бір жағдайлар орын алған кезде алуға болады. Ең алдымен, зейнетақы төлемдерін алу құқығы БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар және зейнет жасына толған тұлғаларға беріледі.

  1. Сонымен қатар мүгедектiгі мерзiмсiз болып белгiленетін болса, бiрiншi және екiншi топтардағы мүгедектер зейнетақы төлемдерін алуға құқылы.

    Сақтандыру ұйымымен зейнетақы аннуитеті шартын жасау арқылы белгіленген зейнет жасынан бұрын зейнетақы төлемдерін алуға құқығы бар тұлғаларды бөлек атап көрсетуге болады. Зейнетақы аннуитеті шарты – сақтандыру шарты, оған сәйкес сақтанушы (зейнетақы төлемдерін алушы) сақтандыру ұйымына зейнетақы жинақтарының сомасын беруге міндеттенеді, ал сақтандыру ұйымы сақтанушының (зейнетақы төлемдерін алушының) пайдасына өмір бойы немесе белгілі бір уақыт кезеңінде сақтандыру төлемдерін жасауға міндеттенеді.

    Заңның 31-бабының ережелеріне сай ең аз зейнетақы мөлшерiнен кем емес төлемдi қамтамасыз етуге зейнетақы жинақтары жеткiлiктi болған кезде міндетті зейнетақы төлемдері есебінен зейнетақы төлемдерін алуға:

    55 жасқа толған ерлер;

    50 жасқа толған әйелдердер (2016 жылғы 1 наурыздан бастап),

    2018 жылғы 1 қаңтардан бастап - 50,5 жасқа толған әйелдердер;

    2019 жылғы 1 қаңтардан бастап - 51 жасқа толған әйелдердер;

    2020 жылғы 1 қаңтардан бастап - 51,5 жасқа толған әйелдердер;

    2021 жылғы 1 қаңтардан бастап - 52 жасқа толған әйелдердер;

    2022 жылғы 1 қаңтардан бастап - 52,5 жасқа толған әйелдердер;

    2023 жылғы 1 қаңтардан бастап - 53 жасқа толған әйелдердер;

    2024 жылғы 1 қаңтардан бастап - 53,5 жасқа толған әйелдердер;

    2025 жылғы 1 қаңтардан бастап - 54 жасқа толған әйелдердер;

    2026 жылғы 1 қаңтардан бастап - 54,5 жасқа толған әйелдердер;

    2027 жылғы 1 қаңтардан бастап - 55 жасқа толған әйелдердер құқылы.

    Зейнетақы жинақтарының жеткіліктілігі сақтандыру ұйымымен жасалған зейнетақы аннуитеті шартының талаптарымен анықталады, зейнетақы жинақтарын аудару туралы шешім қабылдай отырып, шартпен өте мұқият танысу қажет.

     

    Баянауыл елді мекеніндегі қызмет

    көрсету орталығы бастығының м.а. Турсунбаева Г.Т.

     

     

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы