«БЖЗҚ» АҚ Басқарма төрайымы орынбасарының Павлодар облысындағы кездесулері

Жарияланған: 08.12.2017


«БЖЗҚ» АҚ басшылығының республика өңірлеріне іссапары жалғасуда. 7 желтоқсанда «БЖЗҚ» АҚ Басқарма төрайымының орынбасары Сәуле Егеубаева Қордың облыстық филиалының ұжымы және бөлімшелерінің басшыларымен жұмыстық кездесу өткізді. Сонымен қатар операциялық бөлімнің жұмысымен  және оның материалдық-техникалық жағынан қалай қамтамасыз етіліп жатқандығымен танысты. Кездесу барысында мынадай статистикалық мәліметтер жария етілді. Ағымдағы жылдың он айы ішінде филиал қызметкерлерінің күшімен 822 таныстырылымдық шара өткізіліп, оларға 22 391 адам тартылған. Одан басқа, барлық бөлімшелердің жұмысын жақсарту мәселесі талқыланып, көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру және жетілдіру бойынша ұсыныстар алға тартылды.

«БЖЗҚ» АҚ Басқарма төрайымының орынбасары Сәуле Егеубаева тұрғындар арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жалғастыру және оңтайландыру мақсатында Павлодар облысы әкімінің орынбасары Мейрам Бегентаевпен кездесті. Кездесу барысында ресми деректерге сәйкес облыс халқының саны 758,5 мың адамды құрайтындығы, олардың ішінде 421,4 мыңнан астам адамның экономикалық тұрғыдан белсенді тұрғындар (55,6%) екендігі атап көрсетілді. 2017 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша облыста міндетті зейнетақы жарналарын есепке алу бойынша 468,1 мың шот тіркелген. Ал олардағы зейнетақы жинақтарының көлемі 361,2 млрд теңге. Бұл Қазақстан Республикасы бойынша міндетті жарналар бойынша жинақтардың 5 пайызын құрайды. Сондай-ақ, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын (МКЗЖ) есепке алу бойынша 41,1 мың шот ашылған. Оларда 10,2 млрд теңге жинақталған. Бұл республика бойынша сәйкес жинақтардың 8 пайызын құрайды. Ал облыста 9,2 мың адам ерікті зейнетақы шоттарын ашқан. Олардағы зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы 0,57 млрд теңге.

БЖЗҚ» АҚ Басқарма төрайымының орынбасары кездесу барысында зейнетақы жүйесін жаңғырту және 2018 жылы күшіне енетін өзгерістер жайында әңгімеледі. Осы және өзге де мәселелер бойынша тұрғындарға кең көлемде ақпарат берудің, сондай-ақ оларды жинақтаушы зейнетақы жүйесіне тартудың маңыздылығын атап өтті.

Кездесу қорытындысы бойынша «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» акционерлік қоғамы мен Павлодар облысының әкімдігі арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды. Осы келісімге сәйкес алдағы уақытта жоғарыда аталған мәселелерді шешу бойынша бірлескен шаралар өткізіледі.

БЖЗҚ осы Меморандум аясында әкімдіктің қолдауымен жергілікті кәсіпорындар мен ұйымдарда облыс тұрғындары арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында материалдар жариялайды. Сонымен қатар тұрғындар арасында зейнетақы жинақтарын жоспарлау мәдениетіен қалыптастырып, оны одан әрі дамыту жұмыстарын қолға алатын болады.    

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Қазақстан Республикасының Президенті басшылық ететін Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді.

Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

                                       

    БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы

БАҚ үшін байланыстар: press@enpf.kz

 

 

  

 

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы