Бізге редакцияға туыстары қайтыс болған адамдар жиі жүгініп, сол қайтыс болған туыстарының жинақтарын қалай алуға болатындығын сұрап жатады. Осы жағын түсіндіріп берсеңіз.

– Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы зейнетақы жинақтары салымшының меншігі болып табылады және өсиет бойынша, сондай-ақ  «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР Заңының 31-33 - баптарына сәйкес мұраға қалдырылады.

Мұраны қабылдау үшін Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 6 тарауына (Мұрагерлік құқық) сәйкес мұра ашылған жердегi нотариусқа немесе заңға сәйкес мұра алу құқығы туралы куәлiктi беруге уәкiлеттi лауазымды адамға мұраны қабылдау туралы немесе мұрагерлікке құқық туралы куәлiк беру жөнінде өтiнiш беріледі. Мұра ашылған күннен бастап алты айдың iшiнде, яғни мұра қалдырушы қайтыс болған күннен бастап алты айдың iшiнде мұра қабылдануы мүмкін. Алты ай өткен соң, мұра ашылған жер бойынша нотариус мұрагердiң өтiнiшi бойынша оған мұрагерлiкке құқық туралы куәлiк беруге мiндеттi.

Егер мұрагер мұра қабылдау мерзiмін дәлелдi себептермен өткiзiп алған болса және бұл мерзiмдi өткiзіп алу себептерi жойылғаннан кейiн алты ай iшiнде сотқа жүгiнген жағдайда осы мерзiмдi өткiзiп алған мұрагердiң өтiнiшi бойынша сот бұл мерзiмдi қалпына келтiре алады және мұрагер мұраны қабылдады деп тани алады.

 

Баянауыл елді мекеніндегі қызмет

көрсету орталығының жүргізуші маман Турсунбаева Г.Т.

тел: 87184091769

 

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы