Введите ваш запрос для начала поиска.

Базалық зейнетақыны есептеу механизмі қашан және қалай өзгереді?

Ал 2018 жылдың 1 шілдесінен бастап ол еңбек өтілі мен жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне байланысты төленетін болады. Яғни, зейнеткердің 1998 жылдың 1 қаңтарына дейінгі еңбек өтілі және жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі 10 жыл және одан төмен болған жағдайда, базалық зейнетақы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 54 пайызын (2018 жылы бұл – 15 273 теңге) құрайды. 10 жылдан асқан әрбір жыл үшін оның көлемі 2 пайызға ұлғайтылып отырады. Ал 33 жыл және одан жоғары болғанда базалық зейнетақының мөлшері ең төмен күнкөріс деңгейінің 100 пайызына тең болады (2018 жылы бұл – 28 284 теңге) және одан асырылмайды.

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы