Введите ваш запрос для начала поиска.

Қазақстан аумағындағы шетел азаматтары және азаматтығы жоқ тұлғалар міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен жеке зейнетақы шотын ашу туралы өтініш беріп

Жарияланған: 26.12.2016


  1. Қазақстан аумағындағы шетел азаматтары және азаматтығы жоқ тұлғалар міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен жеке зейнетақы шотын ашу туралы өтініш беріп, ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасай ала ма?

Заңның 2-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдiктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар, егер заңдарда және халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының азаматтарымен бiрдей зейнетақымен қамсыздандырылу құқығын пайдаланады.

Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер және азаматтығы жоқ тұлғалар жеке басты куәландыратын құжаты (шетелдіктер үшін тұруға ықтиярхат, азаматтығы жоқ тұлғалар үшін азаматтығы жоқ тұлғаның кәуілігі) болған кезде Қордың кез келген бөлімшесіне міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен жеке зейнетақы шотын ашу туралы өтінішпен бара алады. Сол жерде ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасауға болады.

 

Баянауыл елді мекеніндегі қызмет

көрсету орталығы бастығының м.а. Турсунбаева Г.Т.

 

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы