Введите ваш запрос для начала поиска.

2018 жылы күшіне енетін зейнетақы заңнамасындағы өзгерістер туралы

Жарияланған: 06.12.2017


БЖЗҚ-да брифинг өткізілді

Павлодар, Қазақстан

 

2017 жылғы 06 желтоқсанда «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ (БЖЗҚ) Павлодар облыстық филиалында «2018 жылы күшіне енетін зейнетақы заңнамасындағы өзгерістер» тақырыбында брифинг өткізілді.

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры,салымшыларға зейнетақы жүйесіне байланысты мәселелердіңтұтас кешенінің замануи жағдайын түсіндіре отырып, тұрғындарды белсенді ақпараттандыруды жалғастыруда.

Павлодар облыстық филиалының директоры В.Ю. Питраков түсіндіріп өткендей, 2018 жылдан бастап зейнетақы заңнамасынаәйелдердің зейнеткерлікке шығу жасын ұлғайту, базалық зейнетақыны есептеу бөлігіндеенгізілгенөзгерістер күшіне ене бастайды, бұл ретте базалық зейнетақы көлемі еңбек өтіліне ғана емес, сондай-ақ зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне де байланысты болады. Бұдан басқа, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан берілетін зейнетақы төлемдерін есептеу тәртібі мен оларды алу кестесі де өзгеріске ұшырайды.

Осылайша, 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап БЖЗҚ-дан міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы төлемдері тек ай сайын ғана жүзеге асырылатын болады. Егер Қорға жүгінген күні зейнетақы жинақтарының сомасы ең төмен зейнетақының 12 еселенген мөлшерінен аспаған болса, оларды толығымен алуға мүмкіндік бар. 2018 жылы бұл сома: 33 745 x12 =404 940 теңгені құрайды.Бұл сомадан артық қаражаттың барлығы тек ай сайын төленеді.БЖЗҚ-дан төленетін ай сайынғы зейнетақы төлемдерінің мөлшері Үкімет Қаулысымен бекітілген, Зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеуді жүзеге асыру әдістемесіне сәйкес, зейнетақы төлемдерінің жылдық сомасының он екіден бір бөлігі ретінде айқындалады.

2018 жылдың 1 шілдесінен бастап мемлекеттік бюджеттен төленетін базалық зейнетақы еңбек өтілі мен жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысу өтілін ескере отырып төленетін болады.  Яғни, базалық зейнетақыны есептеу тәртібі өзгереді. Бүгінде базалық зейнетақы барлық зейнеткерге 14 466 теңге көлемінде төленеді (ең төмен күнкөріс деңгейінен сәл жоғары). 2018 жылдың 1 шілдесінен бастап тиісті қаржы жылына белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейінің 54 пайызы жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі 10 жыл және одан төмен тұлғаларға төленетін болады. Және еңбек өтілінің 10 жылдан асқан әрбір жылы үшін ең төменгі күнкөріс мөлшерінің тағы 2%-ы қосылып отырады. Яғни еңбек өтілі 33 жыл болған жағдайда – базалық зейнетақының ең жоғары көлемін - ең төменгі күнкөріс мөлшерінің  100%-ын алу мүкіндігі бар.

Ал ортақ зейнетақықұрамдауышынақатысты айтар болсақ, 1998 жылдың 1 қаңтарына дейінгі еңбек өтілі жоқ немесе ол алты айдан төмен болған азаматтар ортақ зейнетақы ала алмайды. Яғни, 1980-1982 жылдардан кейін туған азаматтарға 1998 жылға дейінгі еңбек өтілі бойынша ортақ зейнетақы төленбейді, яғни, 1980-1982 жылдардан кейін туған азаматтарға 1998 жылға дейінгі еңбек өтілі бойынша бюджеттік қаражат есебінен зейнетақы тағайындалмайды.

Дегенмен, бұл азаматтардың мемлекет тарапынан зейнетақымен қамсыздандырудың ең төменгі кепілдіктерін алу құқығы (бұл бүгінгі базалық зейнетақы) сақталатынын ескеру қажет.Біртіндеп ортақ құрамдауыш келмеске кетеді, ал жинақтаушы құрамдауыштың үлесі біртіндеп арта түседі. 2030 жылға дейін жиынтық зейнетақы төлемінің жинақтаушы бөлігі басым үлеске ие болады.

Зейнетақы жүйесін жаңғыртудағы басты міндет - оны нығайту және зейнетақы төлемдерінің тиімділігін арттыру болып табылады. Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру заңнамасы зейнетақыны әр түрлі төлем көздерінен,атап айтқанда, мемлекеттік бюджеттен төленетін зейнетақылар (ортақ зейнетақы) және салымшының өзінің зейнетақы жинақтары (жинақтаушы құрамдауыш, БЖЗҚ-дан төлемдер)берілетін төлемдер жиынтығы ретінде қарайды, олардың мақсаты– зейнет жасындағы азаматтарды еңбекке жарамсыз жасында тұрақты негізде ай сайын лайықты зейнетақымен қамтамасыз ету.

«БЖЗҚ» АҚ 2017 жылдың 30 және 31 желтоқсаны күндері барлық операциялық бөлімшелердің таңғы сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін жұмыс істейтіндігін хабарлайды. Басты мақсат – БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін алу құқығы 2018 жылдың 1 қаңтарына дейін туындаған немесе туындайтын салымшылардың осы төлемдерді рәсімдеу құқығын жүзеге асыру.     

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы