2017 жылғы 1 наурыздағы БЖЗҚ негізгі көрсеткіштеріне қысқаша шолу

Жарияланған: 03.04.2017


2017 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы 6,75 трлн. теңге болды.

2017 жылғы 1 ақпанда шарттардың барлық түрлері бойынша салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарының (ЖЗШ) саны 10,04 млн. бірлік, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебінен 9,58 млн. бірлік болды. Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша салымшылардың ЖЗШ саны 423,35 мың бірлік, ал ерікті зейнетақы жарналары бойынша 39,11 мың бірлік болды.

            Ағымдағы жылдың екі айы ішінде түсімдердің жалпы сомасы 121,68 млрд. теңге болды. Әскери қызметшілер мен әлеуетті құрылымдар қызметкерлерінің пайдасына 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін бюджет қаражаты есебінен аударылған міндетті зейнетақы жарналары сомасынан 50 пайызын республикалық бюджетке қайтару есепке алына отырып, қайтарылған жарналар сомасы 2017 жылдың 1 наурызындағы жағдай бойынша 0,53 млрд. теңге болды. 

             2017 жылғы қаңтар-ақпан айларында БЖЗҚ-дан төленген зейнетақы төлемдерінің сомасы 61,54 млрд. теңге, оның ішінде сақтандыру ұйымдарына аударымдар 3,98 млрд. теңге болды.

            Салымшы (алушы) өзінің ЖЗШ-сындағы зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы (оның ішінде есептелген инвестициялық табыс туралы) ақпаратты БЖЗҚ-ның 231 дербес қызмет көрсету орталығының бірінен, пошта байланысы арқылы, электрондық пошта арқылы, БЖЗҚ сайты немесе ұялы қосымша арқылы ала алады.

            3,1 миллионға жуық адам зейнетақы шотының жай-күйі туралы ақпарат алу тәсілі ретінде электрондық хабарлау тәсілін таңдаған. Мәселен, 198 мыңға жуық адам электрондық мекенжайға үзінді көшірмелер алады, ал 2,9 миллион адам сайт немесе әртүрлі операциялық жүйелерде жұмыс істейтін смартфондар мен планшеттерге арналған «ENPF» ұялы қосымшасы арқылы ақпарат ала алады.

            2017 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша ұялы қосымшаны жүктеп алу саны 636,6 мың болды. Осылайша, жыл басынан бері жүктеп алу саны 126,9 мыңға дерлік көбейді. Естеріңізге сала кетелік, 2017 жылғы 1 қаңтарда бұл көрсеткіштің 509,7 мың жүктеуге тең болғанын еске саламыз.  

           2017 жылғы 1 наурызда «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы жүйесі салымшысының (алушысының) зейнетақы жинақтарының (инвестициялық кірістерін ескере отырып) жай-күйі туралы ақпарат беру» қызметі 2015 жылғы ақпанда қолданысқа енгізілген сәттен бастап электрондық үкімет порталы арқылы салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарынан 378 мыңнан астам  үзінді көшірме берілген.

          Салымшы (алушы) БЖЗҚ-ға өзі келіп, не болмаса 1418 тегін нөміріне қоңырау шала отырып телефон арқылы, әлеуметтік желілер, «кері байланыс» нысаны және Қордың корпоративтік сайтындағы онлайн-чат арқылы қашықтан да құпия ақпараттан басқа барлық өзін қызықтырған мәселелер бойынша кеңес ала алады.

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Қазақстан Республикасының Президенті басшылық ететін Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді.

Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

 

 

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы