Баянауыл ауданының әкімдігі, Баянауыл аудандық білім бөлімінің «Балалар шығармашылық үйі» МКҚК туралы ақпарат

Павлодар облысының Баянауыл ауданының әкімдігінің 14.04.2017 жылғы №89/4 Қаулысына сәйкес Баянауыл ауданының Баянауыл ауылында «Балалар шығармашылық үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны құрылып, 13.06.2017 жылы ҚР Әділет министрлігі, Павлодар облысының Әділет департаменті, Баянауыл аудандық Әділет басқармасында заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеуден өтіп, заңды тұлға құқығын алды. /БСН №170640014311, тіркеу нөмірі 216-1945-04-МКҚК/.

Кәсіпорынның орналасқан жері: ҚР Павлодар облысы, 140300, Баянауыл ауданы, Баянауыл ауылдық округі, Баянауыл ауылы, Мұса Шорманов көшесі, 2-ғимарат. Ш.Айманов мектебінің базасында.

Кәсіпорын директоры: Сеитов Нұрлан Мұхамадиярұлы

Туған күні, айы, жылы: 06.09.1976 жыл

Мекенжайы: Павлодар облысы, Баянауыл ауылы, Олжабай батыр №14 үй.

Білімі: жоғары

Санаты :  жоғары

Педагогикалық өтілі -  20жыл

Мекеме басшысы – 04.09.2017ж. бастап Баянауыл ауданының әкімдігі, Баянауыл аудандық білім бөлімінің «Балалар шығармашылық үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының директоры.

Байланыс телефоны: 8 705 682 43 05

Кәсіпорын қызметінің мәні :

- мектептен тыс ұйымдардың саласында білім беру.

Кәсіпорын қызметінің мақсаттары:

- мемлекеттің, азаматтардың, қоғамның білім беру және мәдени қажеттіліктерін жан-жақты қанағаттандыру мақсатында қосымша дамытудың жалпы білім беру бағдарламаларын іске асыру.

Кәсіпорын алға қойған мақсаттарды жүзеге асыру үшін қызметтің мынадай түрлерін іске асырады:

- балалардың тұлғалық дамуын, денсаулығын нығайту, кәсіби өзін-өзі айқындау, шығармашылық еңбегін, зейіндерін жүзеге асыру үшін қажетті жағдайлармен қамтамасыз ету;

- балаларды қоғамдық өмірге бейімдеу;

- олардың бос уақытын мағыналы ұйымдастыру;

- азаматтық сана-сезімін, жалпы мәдениетін, жас ұрпақтардың салауатты өмір салтын қалыптастыру;

- ұсыным, әдістемелік материалдарды іріктеп, жазғы сауықтыру лагерьлері үшін кадрларды даярлауға қатысу;

- балалардың жазғы демалысы кезінде жұмыс істеп, әртүрлі мәселелер бойынша консультациялар өткізу;

- жазғы сауықтыру лагерьге үнемі тәжірибелік көмек көрсету;

- аудандық спорттық-сауықтыру алаңдарының, мекен-жай бойынша клубтардың балалары үшін әртүрлі бейіндер бойынша іс шаралар әзірлеу және жетілдіру;

- Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген өзге де міндеттерді жүзеге асыру.

Қазіргі таңда балалар шығармашылық үйінде 2 педагог маман сабақ беруде : 1-қол  өнер  педагогі (А.Т.Ықылас) «Бейнелеу және қолөнер» үйірмесі бойынша және 1 педагог-жас техник (С.Т.Абдыкаримова) «Шексіз компьютер» үйірмесі бойынша. Олар Баянауыл аулында орналасқан үш мектептің базасында бекітілген кестеге сәйкес және оқу жоспарына сай оқушыларға сабақ өтуде. Оқушыларға қосымша білім беретін, бос уақытын пайдалы іспен шұғылдануға бағыттайтын және рухани-эстетикалық тәрбие бере отырып, жан-жақты дамытатын аталмыш үйірмелерге қатысу тегін, ал пайдасы ұшан-теңіз. Аталмыш екі үйірмеге қамтылған оқушылар саны - 100.  Атап айтар болсақ :

1) Ш.Айманов атындағы мектеп – интернатында – 40 оқушы;

2) Баянауыл №2 мектебінде – 30 оқушы;

3) З.Ақышев мектебінде – 30 оқушы.

Кәсіпорын 2017-2018 оқу жылынан бастап өз жұмысын қарқынды түрде бастап кетті.

Кәсіпорын жұмысының фото дәлелдемелері:

 

«Бейнелеу және қолөнер» үйірмесі

/қол өнер пегогі – Ықылас Айша Түсіпқызы/

 

 

 

«Шексіз компьютер» үйірмесі

/педагог-жас техник  – Абдыкаримова Самалгуль Талкайратовна/

  

 

«Балалар шығармашылық үйі»

МКҚК директоры :  Н.М.Сеитов

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы