Зияткерлік меншік құқықы

Жарияланған: 12.03.2018


Қазақстан дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының мүшесі, сондықтан да зияткерлік еңбек – әрбір азаматтың жеке мүліктік құқығы, яғни, оның жеке меншігі.

Зияткерлік меншікке адамзат ой-санасымен жасалған өнертабыстар, әдеби және драмалық туындылар, сондай - ақ, коммерциялық мақсатта пайдаланылатын таңбалар, атаулар және үлгілер жатады. Оның өзі өнеркәсіптік меншік және авторлық құқық болып бөлінеді. Өнеркәсіптік меншікке патент берілетін өнертабыстар, селекциялық жетістіктер, өнеркәсіптік үлгілер, тауар таңбалары мен атаулары енеді. Ал, авторлық құқық объектілеріне әдеби, ғылыми шығармалар, музыкалық, бейнелеу, мүсіндеу, графика, сәулет, фотосурет туындылары жатады. Сабақтас құқық объектілеріне қойылымдар, орындаулар, фонограммалар, эфирлік және кабельдік хабар тарату ұйымдарының бағдарламалары кіреді. Автор дегеніміз – шығармашылық еңбегімен туынды жасаған жеке тұлға болса, авторлық құқық – автордың мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтары болып табылады.  

Зияткерлік меншік құқығы өзге де меншік құқықтары сияқты, авторға өз туындысынан немесе шығармашылық жұмысынан табыс табуына мүмкіндік береді. Бұл мәселе дүниежүзілік адам құқықтары декларациясының  27 бабында нақтыланған.

Зияткерлік меншік құқығын бұзған жағдайда, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексінің 158-бабына және Қазақстан Республикасы  Қылмыстық Кодексінің 198, 199-баптарына  сәйкес,  жауапкершілікке тартылады.

Заңбұзушылықтарды болдырмау мақсатында аудандық әділет басқармасымен мемлекеттік органдар, заңды тұлғалар және кәсіпкерлер арасында зияткерлік меншік саласына қатысты құқықтық түсіндіру жұмыстары, атап айтқанда дөңгелек үстелдер, семинарлар, дәрістер үнемі жүргізіліп отырылады.

Шығармашылық әлеуеттің дамуына және өнертабысқа, өнеркәсіп үлгілеріне, басқа да зияткерлік меншік объектілеріне жаңа идеяларды іске асыруға ықпал ететін құқықбұзушылыққа жол бермеу үшін құқық қорғау органдарымен бірлесіп, әрі қарай жұмыстана бермекпіз.

Ж.Айтмаханова,

Баянауыл аудандық әділет басқармасы басшысының м.а.,

«ҚЗО» РҚБ Павлодарлық филиалының мүшесі.

 

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы