«Жылжымайтын мүлікті тіркеу»

 «Doing Business» халықаралық рейтингіні» (кәсіпті жүргізу) насихаттау шеңберінде, жылжымайтын мүлікті тіркеу саласында кәсіпкерлікті дамытуға кедергі келтіретін әкімшілік кедергілерді жою және бизнес ахуалды жақсарту мақсатында Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 26 шілдедегі  «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» N 310 Заңына  Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 29 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайды түбегейлі жақсарту мәселелері бойынша өзгерістер мен  толықтырулар енгізу туралы» №269-V Заңымен  төмендегідей өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

1) 7-баптың 1-тармағының үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылды:
      Егер құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесіне құқық белгілейтін құжаттың электрондық көшірмесі келіп түссе, онда жылжымайтын мүлікке құқықты мемлекеттік тіркеу кезі тіркеуші органның жүргізілген тіркеу туралы хабарлама жіберуі арқылы оның туындауын, өзгеруін немесе тоқтатылуын растау кезі болып табылады;                            .
      2) 15-баптың 1-тармағындағы «, жылжымайтын мүлік объектілеріне техникалық паспорттардың» деген сөздер алынып тасталды;
      3) 17-бабының 2 және 3-тармақтары мынадай редакцияда жазылды:
       2. Құқықтық кадастрдың тіркеу ісінде жатқан құжаттардың көшірмелері сот, құқық қорғау органдарының және басқа да мемлекеттік органдардың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзыреттеріне сәйкес, оңалту және банкроттық рәсімдерін жүргізу шеңберінде уақытша, банкроттықты және оңалтуды басқарушылардың, мәжбүрлеп таратылатын заңды тұлғаның тарату комиссиясының (таратушының) уәжді сауалдары бойынша ұсынылады. Өзге тұлғаларға көрсетілген ақпарат құқық иесінің жазбаша келісімімен беріледі.                       .
      3. Жылжымайтын мүліктің нақты объектісі бойынша ақпарат және жеке немесе заңды тұлғаның тіркеуші орган куәландырған, өзіндегі жылжымайтын мүлік объектілеріне құқықтары туралы жинақталған деректер құқық иесінің (уәкілетті өкілдің) сауалдары бойынша және:                                            .
     1) адвокаттардың;                                .    
     2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзыреттеріне сәйкес жүргізуінде жатқан қылмыстық, азаматтық, әкімшілік істер бойынша құқық қорғау, сот органдарының;                               .
      3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзыреттеріне сәйкес жүргізуінде жатқан атқарушылық құжаттар бойынша сот орындаушыларының;
      4) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзыреттеріне сәйкес мемлекеттік кіріс органдарының және басқа да мемлекеттік органдардың;
      5) нотариустардың, мұрагерлердің;                     .
       6) оңалту және банкроттық рәсімдері шеңберінде уақытша, банкроттықты және оңалтуды басқарушылардың, мәжбүрлеп таратылатын заңды тұлғаның тарату комиссиясының (таратушының);                          .
     7) қорғаншылық және қамқоршылық органдарының;
      8) құқық иесінің жазбаша келісімімен өзге де тұлғалардың уәжді сауалдары бойынша беріледі.                             .
      20-бапта:1-тармақтың 2) тармақшасы мынадай мазмұндағы екінші бөлік толықтырылды:
      Тіркеуші орган жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу үшін қажетті жылжымайтын мүлік объектісінің техникалық және сәйкестендіру сипаттамалары туралы мәліметтерді тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйеден алады;
     мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылды:
      1-1. Құқықтар (құқықтар ауыртпалығы) нотариат тәртібімен куәландырылған мәміле негізінде туындаған, өзгертілген немесе тоқтатылған жағдайларда, электрондық тіркеу жүзеге асырылады.»;                   .
    2-тармақта бірінші абзац мынадай редакцияда жазылды:
     2. Электрондық тiркеу мынадай тәртiппен жүргiзiледi:
      1) тармақшаның екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      оның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған құқық белгiлейтiн құжаттың электрондық көшiрмесiн бiрыңғай нотариаттық ақпараттық жүйе арқылы құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесiне жiбередi;
      21-бапта:    2-тармақта: 2)тармақша мынадай редакцияда жазылды:                
       2) тіркеу объектісін растайтын құқық белгілейтін құжатты ұсынуға тиіс.    

  Жер учаскесіне құқық (ауыртпалық) тіркелген жағдайда, жер учаскесіне   

 сәйкестендіру құжаты ұсынылады.                           .
      4) тармақшадағы «құжатты;» деген сөз «құжатты ұсынуға тиіс.» деген сөздермен ауыстырылып, 3) және 5) тармақшалар алынып тасталды.
     6-тармақ мынадай редакцияда жазылды:               .
      6- Осы баптың ережелерi электрондық тiркеу кезiнде қолданылмайды;
       22-баптың 1-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылды:
      «Электрондық тiркеу мәмiлеге қатысушылардың өтiнiшiнсiз жүзеге асырылады;
      23-баптағы 1-тармақтағы «он бес» деген сөздер «бес» деген сөзбен ауыстырылды;
    1-1-тармақ мынадай редакцияда жазылды:                      .
      1-1. Электрондық тiркеу құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесiне жылжымайтын мүлiкке құқықтарды мемлекеттiк тiркегенi үшiн алым төленгенi немесе алым төлеуден босатылғаны туралы растау келiп түскен күннен кейiнгi күннен кешiктiрiлмей жүргiзiлуге тиiс.                  .
      24-бапта: 2-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылды:
      2. Жылжымайтын мүлікке және мемлекеттік тіркеудің өзге де объектілеріне құқықтардың (құқықтар ауыртпалықтарының) туындауын, өзгеруін немесе тоқтатылуын растайтын құжаттар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда тиісті ресімделуге, мөрмен (ол болған кезде) бекемделуге, арнайы бланкілерде орындалуға, тараптардың немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған лауазымды адамдардың тиісті қолтаңбалары болуға тиіс. Соттардан, құқық қорғау органдарынан және өзге де мемлекеттік органдардан шығатын құжаттар тиісті құжаттарға қойылатын нысанда орындалуға тиіс.                           .
     9-тармақтың екінші бөлігі алынып тасталды.                                        .
      34-баптың 1-1-тармағы мынадай редакцияда жазылды:
      1-1. Электрондық тіркеу тіркеуші органның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған, тіркеу жүргізілгені туралы хабарламаны бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйеге, сондай-ақ бар болған кезде – мәмілеге қатысушылардың электрондық мекенжайларына және олардың «электрондық үкімет» веб-порталындағы жеке кабинеттеріне жөнелту арқылы расталады.
       39-баптың 1-тармағының 2) тармақшасы алып тасталды.                    .
       41-баптың 4-тармағында:бірінші бөліктегі «және (немесе) жылжымайтын мүлік объектісінің техникалық паспортының» деген сөздер алып тасталды;
      екінші бөліктегі «және (немесе) жылжымайтын мүлік объектісінің техникалық паспортының көшірмелерінде» деген сөздер «көшірмесінде» деген сөзбен ауыстырылды.                           .
       58-баптың 2-тармағының екінші сөйлемі мынадай редакцияда жазылды:
      Қажет болған жағдайда, жүйелі тіркеуді жүргізу кезінде мемлекеттік техникалық зерттеп-қарауды жылжымайтын мүлік объектісінің тұрған жері бойынша мемлекеттік техникалық есепке алу құзыретіне жатқызылған республикалық мемлекеттік кәсіпорындар өтеусіз жүзеге асырады.

Ж.Айтмаханова,

Баянауыл аудандық әділет басқармасының басшысы,

«ҚЗО» РҚБ Павлодарлық филиалының мүшесі.

 

 

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы