Жемқорлық індет, жою міндет

Әлемде сыбайлас жемқорлық мәселесі қоғам тарапынан қатаң сынға ұшырап келе жатқан мәселелердің бірі. Өйткені, оның салдарынан әлеуметтің ең әлсіз топтарына дейін сезініп, тұтастай қоғам сыбайлас жемқорлықтан зардап шегуге мәжбүр болады.

         Әрине, кез келген мәселенің салдарынан гөрі, алдын алған абзал. Алайда, сыбайлас жемқорлық қылмысын жасау бір адамның емес, бірнеше адамның ымдасып жасайтынын ескерсек, оның алдын алу жұмыстары да оңай болмайтынын естен шығармауымыз керек. Яғни, сыбайлас жемқорлық алдын алу шаралары нақты қадамдарды, нақты істерді қажет етеді деген сөз.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан жолы-2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты халыққа Жолдауында: «Аса маңызды міндет – сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа стратегияны қалыптастыру және іске асыруды жалғастыру» делінген. Жемқорлықпен күрес бүгінде елімізде мемлекеттік маңызы бар түйткілді мәселеге айналып отырғандығы шындық.

Елдің ертеңі үшін, болашақ келер ұрпақ алдында еңсеміздің бек көтеріліп жүру үшін, жемқорлық індетімен белсене күресіп, түп-тамырымен жою қажет. Бұл індет адамзат баласына жат қасиет. Бұл дерт еліміздің дамуына, экономиканың өркендеп өсуіне өрескел кедергі келтіретіні даусыз.

 

М.Катарова,

Баянауыл аудандық әділет басқармасының бас маманы,

«ҚЗО» РҚБ Павлодарлық филиалының мүшесі.

 

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы