Заңды тұлғаларды электрондық нысанда тіркеу

Бүгінгі күнге осы саладағы ең бір басты жаңалық – ол заңды тұлғаларды электрондық форматта тіркеуге болатындығы. Бұл дегеніміз – заңды тұлғаны ашатын құрылтайшы (құрылтайшылар) электрондық сандық қолы бар болған жағдайда, интернет желісі қосылған кез-келген жерде отырып (үйде, офисте т.б) интернет арқылы шығып, өтініш беріп заңды тұлғасын тіркеуге болады. Әзірге бұл электрондық қызмет шағын кәсіпкерлік субъектілеріне ұсынылып отыр. Және де алғашқы мемлекеттік тіркеу кезінде шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері мемлекеттік баж төлемейді.

Электрондық түрде өтініш толтырсаңыз болды, бір күннің ішінде (өтініш жолдаған соң) пайдаланушының жеке кабинетіне заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу немесе мемлекеттік тіркеуден бас тарту туралы электрондық анықтама түрінде жауап келеді.

Кәсіпкерлерге заңды тұлғаны тіркеу үшін мемлекеттік органға барудың қажеті жоқ. Бизнесті тіркеу рәсімін жылдамдату мемлекеттік қызметтердің автоматтандыру және оңтайландыру үдерісінің арқасында мүмкін болды. Егер бұрын өтініш беруші мемлекеттік органға 5 және одан да көп құжаттармен келіп, бірнеше күнге дейін тіркелуді алу үшін деректерді тексеруді күтсе, ал бүгінгі күні рәсімдеудің барлық уақыты электрондық түрде бір күннен көп уақытты алмайды, бұл ретте ешқандай құжаттар талап етпейді.

Онлайн-өтінішті толтырудың кезеңінде жүйе кәсіпкерде жылжымайтын мүлігінің бар болуын автоматты түрде тексереді, санаулы уақыт ішінде тіркелген заңды тұлға әрекеттегі, және тағы басқа атауының сәйкес келуіне тексеруді жүргізеді. Талаптардың біреуіне де сәйкес келмеген жағдайда өтініш беруші заңды тұлғаны тіркей алмайды. Өтініш берушіні тіркеуден бас тартуды бес немесе одан да көп күн күтудің қажеті жоқ – онлайн жауап оған бір күннің ішінде порталға келеді.

egov.kz порталындағы өтініш бірнеше кезең бойынша толтырылады:

- электрондық үкіметтің порталында тіркелген соң мәлімдеуші «Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) және филиал мен өкілдікті есептік тіркеу (қайта тіркеу)» қызметін таңдап, қажетті өтініш түрін белгілейді, мысалы, «Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудың басталуы туралы хабарлама» (шағын кәсіпкерлік объектілері үшін);

- мәлімдеуші өзі туралы мәліметтерін белгілейді: тіркелетін заңды тұлға, ұйымның аталуы, құрылтайшылар, тіркелетін заңды тұлғаның басшысы жөніндегі мәліметтер және т.б.;

- Бизнесті тіркеу бойынша электрондық қызметіне Қазақстан Республикасы барлық азаматтарының мүмкіншілігі бар. Оны алу үшін электрондық сандық қолтаңба қажет.

Осыған орай қазіргі таңда заңды тұлғаны электронды нысанда тіркеу өз кәсібін ашатын барлық азаматтарға тиімді болатынын хабарлаймыз.

М.Катарова,

Баянауыл аудандық әділет басқармасының бас маманы,

«ҚЗО» РҚБ Павлодарлық филиалының мүшесі.

 

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы