Заңды тұлғаларды қайта ұйымдастыру тәртібі

Жарияланған: 12.03.2018


Қандай да бір тіркеу әрекеттерін жүргізе отырып, әр кәсіпкерді «Оларды тіркеу керек пе? Қалай тіркеу керек? Компаниядағы сол немесе өзге өзгерістерді нормативті қалай бекіту керек?» деген сияқты сұрақтар мазалайтыны анық. Заңды тұлғаларды қандай жағдайларда қайта ұйымдастыру деген не екенін және аталмыш операциялар қалай жүргізілетіні туралы тоқталып өтейік.

Заңды тұлғаны қайта ұйымдастыру – бұл заңды тұлғалардың құқықтық мирасқорлық қатынастарына әкелетін заңды тұлғаның құқықтық жағдайының тоқтатылуы немесе өзге де өзгеруі.

Қайта ұйымдастырудан қайта тіркеудің басты айырмашылығы жүргізілетін өзгертулер сипаты болып табылады. Мысалы, атауын өзгерткенде кәсіпорынды қайта ұйымдастырудың қажеті жоқ, бірақ міндетті түрде қайта тіркеу керек.

Заңды тұлғаларды келесі жағдайда ұйымдастыру қажет:

  • біріккен жағдайда: 2 және одан да артық заңды тұлғалар бір заңды тұлғаға қосылғанда;
  • қосылу жағдайында: бір немесе бірнеше заңды тұлғалар басқа заңды тұлғаға қосылғанда;
  • заңды тұлға екі немесе одан да артық заңды тұлғаларға бөлінген жағдайда;
  • бөліну (бірінші заңды тұлға әрекетін жалғастырып, заңды тұлғаның құрамынан бір немесе бірнеше заңды тұлғалар бөлінгенде);
  • қайта құру (бір ұйымдастыру-құқықтық нысанындағы заңды тұлға басқа ұйымдастыру-құқықтық нысанындағы заңды тұлғаға өзгергенде).

Заңды тұлғаны қайта ұйымдастыру тәсілдері

Құқық мирасқорлығын қайта ұйымдастыру нысанына байланысты (мүліктік құқықтар және міндеттердің ауысуы) әр түрлі тәсілдермен іске асырылады:

  • заңды тұлғалардың құқықтары мен міндеттері біріккенде әрқайсының құқықтары мен міндеттері бірігу туралы шарт және өткізу актісіне сәйкес қайта туындаған заңды тұлғаға ауысады;
  • заңды тұлға басқа заңды тұлғаға қосылғанда соңғысына қосылу туралы шарт және өткізу актісіне сәйкес қосылған заңды тұлғаның құқықтары мен міндеттері ауысады;
  • бөлу теңгеріміне сәйкес қайта туындаған заңды тұлғаға ауысатын оның құқықтары және міндеттерін заңды тұлғаны бөлгенде;
  • заңды тұлғаның құрамынан бір немесе бірнеше заңды тұлғалар бөлінгенде олардың әрқайсысына бөлу теңгеріміне сәйкес қайта ұйымдастырылған заңды тұлғаның құқықтары мен міндеттері ауысады;
  • бір түрдегі заңды тұлғаны басқа түрдегі заңды тұлғаны қайта ұйымдастырғанда (ұйымдастыру-құқықтық нысанын өзгертуде) өткізу актісіне сәйкес қайта ұйымдастырылған заңды тұлғаның құқықтары мен міндеттері қайта туындаған заңды тұлғаға ауысады.

Заңды тұлғаны қайта ұйымдастыру (бiрiктiру, қосу, бөлу, бөлiп шығару, қайта құру) оның мүлкiнің меншiк иесінің немесе меншiк иесi уәкiлеттiк берген органның, құрылтайшылардың (қатысушылардың), сондай-ақ заңды тұлғаның құрылтай құжаттарында уәкiлеттiк берiлген органның шешiмi бойынша не Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларда сот органдарының шешiмi бойынша жүргiзiледi. Қазақстан Республикасының заңнамасында қайта ұйымдастырудың басқа да нысандары көзделуi мүмкiн. Қайта құру ерiктi түрде немесе ықтиярсыз жүргiзiлуi мүмкiн. Заң құжаттарында көзделген реттерде ықтиярсыз қайта құру сот органдарының шешiмi бойынша жүзеге асырылуы мүмкiн.

Заңды тұлға, бiрiктiру нысанында қайта құрылатын реттердi қоспағанда, жаңадан пайда болған заңды тұлғалар тiркелген кезден бастап қайта құрылған деп есептеледi.                          

Заңды тұлға оған екiншi бір заңды тұлғаның қосылуы жолымен қайта ұйымдастырылған кезде қосылған заңды тұлға қызметiнiң тоқтатылғаны туралы мәліметтер Бизнес-сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмiне енгізілген кезден бастап олардың бiрiншiсi қайта ұйымдастырылды деп есептеледі.

Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуiрдегі «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» Заңының 6-3-бабына сәйкес  қайта ұйымдастыру жолымен құрылатын заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу үшін тіркеуші органға келесі құжаттарды ұсынады:

1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі белгілеген нысан бойынша өтініш;                              

2) заңды тұлға мүлкi меншiк иесінiң немесе меншiк иесi уәкiлеттік берген органның, құрылтайшылардың (қатысушылардың) шешiмi, заңды тұлғаның құрылтай құжаттарында уәкiлеттік берiлген органның шешiмi немесе Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларда сот шешiмi;                        

3) заңды тұлға мүлкінің меншік иесі немесе заңды тұлғаны қайта ұйымдастыру туралы шешім қабылдаған орган бекіткен, қайта ұйымдастырылған заңды тұлғаның міндеттемелері бойынша құқықтық мирасқорлық туралы ережелері көрсетіле отырып, бірігу, қосылу, қайта құрылу кезінде – тапсыру актісі, бөліну, бөлініп шығу кезінде – бөліну балансы және заңды тұлға уәкілетті органының тапсыру актісі мен бөліну балансын бекіту туралы шешімі;                          

4) заңды тұлғаның қайта ұйымдастырылғаны туралы кредиторлардың жазбаша хабардар етілгенін растайтын құжат;                         

5) қайта ұйымдастырылған заңды тұлға қызметінің тоқтатылғаны үшін бюджетке тіркеу алымы төленгенін растайтын түбіртек немесе өзге де құжат беріледі.

Қосылу нысанындағы қайта ұйымдастыру жағдайларын қоспағанда, жаңадан пайда болған заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеген кезден бастап заңды тұлға қайта ұйымдастырылды деп есептеледі.              

Бірігу, бөліну, қайта құрылу кезінде өз қызметін тоқтатқан заңды тұлға Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімінен алып тасталуға тиіс (Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімінен алып тастау оған заңды тұлға қызметінің тоқтатылғаны туралы мәліметтер енгізу арқылы жүргізіледі), бұл жөнінде жаңадан құрылатын заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы бұйрықта көрсетіледі.                    

Қосылу кезінде өз қызметін тоқтатқан заңды тұлға Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімінен алып тасталуға тиіс (Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімінен алып тастау оған заңды тұлға қызметінің тоқтатылғаны туралы мәліметтер енгізу арқылы жүргізіледі), бұл жөнінде Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімінен алып тастау туралы бұйрықта не қайта ұйымдастырылған заңды тұлға қосылған заңды тұлғаны мемлекеттік қайта тіркеу, оның құрылтай құжаттарына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды тіркеу кезінде көрсетіледі.               

Табиғи монополиялар субъектілері қайта ұйымдастырылған кезде тіркеуші органға табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органның келісімі ұсынылады.

Қайта ұйымдастыру жолымен құрылатын заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу осы Заңның 9-бабында көзделген мерзімдерде жүргізіледі.

Сонымен қатар, заңды тұлғаларды қайта ұйымдастыруға тапсыратын құжаттардың тізімі «Заңды тұлғаларды, филиалдар мен өкілдіктерді тіркеу мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» стандартына сәйкес жүзеге асырылады. Аталмыш стандарт Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің http://www.adilet.gov.kz сайтында орналасқан.

М.Катарова,

Баянауыл аудандық әділет басқармасының жетекші маманы,

«ҚЗО» РҚБ Павлодарлық филиалының мүшесі.

 

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы