Заңды тұлғалардағы Атқарушылық іс жүргізу органдарының автоматтандырылған ақпараттық жүйесіндегі борышкерлер туралы

Қазіргі таңда Заңды тұлғалар» мемлекеттік деректер қорының жүейсінде бірқатар өзгертулер болып жатыр. Бұл өзгерістерді біреуі білсе, біреуі біле бермейді. Соның бірі Атқарушылық іс жүргізу органдарының автоматтандырылған ақпараттық жүйесімен (әрі қарай АІЖ ОААЖ) «Заңды тұлғалар» мемлекеттік деректер қорының жүейсінің интеграциялануы. Ол дегеніміз заңды тұлғалар бойынша мемлекеттік қызмет көрсету кезінде АІЖ ОААЖ-сімен бірігіп, жұмыс жасалынады.

АІЖ ОААЖ Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің сот актілерін орындау департаментінің (ары қарай - Департамент) органдарында атқарушылық іс жүргізуді бақылау және есепке алудың біріктірілген ақпараттық жүйесі болып табылады және сот актілерінің атқарылуымен байланысты басқарудың бірінші дәрежелі мәселелерін шешуге арналған.

«Заңды тұлғалардың» мемлекеттік деректер қорында жұмыс жасаған кезде заңды тұлғаның, немесе заңды тұлғаның құрылтайшысы (қатысушылары), заңды тұлғаның басшысы бойынша АІЖ ОААЖ-нде борышкерлер тізімінде бар немесе жоқ екені туралы автоматты түрде сұраным жіберіледі. Егер АІЖ ОААЖ-нде борышкерлер тізімінде бар болса, онда «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» ҚР Заңының 11-бабының 4-тармағына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартылады. Бұл Заңда былай делінген: «4) егер заңды тұлғаның құрылтайшысы (қатысушысы) және (немесе) басшысы болып табылатын жеке тұлға әрекет етпейтін заңды тұлғалардың жалғыз құрылтайшысы (қатысушысы) және (немесе) басшысы болып табылса және (немесе) әрекетке қабiлетсiз немесе әрекет қабiлетi шектелуі деп танылса және (немесе) хабарсыз кеткен деп танылса және (немесе) қайтыс болған деп жарияланса және (немесе) Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 215, 237, 238 және 240-баптары бойынша қылмыстары үшін жойылмаған немесе алынбаған сотталғандығы бар болса, сондай-ақ мерзiмдiк төлемдердi өндiрiп алу туралы атқарушылық iс жүргiзу бойынша борышкер болып табылатын және мерзiмдiк өндiрiп алу туралы атқарушылық iс жүргiзу бойынша үш айдан асатын берешегi жоқ адамды қоспағанда, егер құрылтайшы (жеке тұлға және (немесе) заңды тұлға), заңды тұлғаның басшысы, заңды тұлғаның заңды тұлғаны құрған құрылтайшысы және (немесе) басшысы атқарушылық құжат бойынша борышкерлер болып табылған жағдайда;».

Осы бап негізінде, егер заңды тұлғаның құрылтайшысы (құрылтайшылары), заңды тұлғаның басшысы атқарушылық іс жүргізу борышкерлерінің тізімінде болса, онда қызмет көрсетуден бас тартылады (шағын бизнес өкілдерінен басқа, оларға аталмыш бап әсер етпейді.). Осыған орай заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу бойынша мемлекеттік қызмет көрсету кезінде қызмет алушыға Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінің www.adilet.gov.kz сайтына кіріп, өзінің атқарушылық өндірісте борышкер тізімінде заңды тұлға немесе заңды тұлғаның қатысушылары, құрылтайшылары, басшысы бар ма, жоқ па тексеру керектігін және де тексеріс кезінде борышкерлер тізімінде бар болса, қызмет көрсетуден бас тартылуы мүмкін деген ақпаратты қызмет алушыға хабардар ету керек. Бұл әрекет заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу бойынша көрсетілетін барлық қызмет көрсету кезінде жасалыну керек.

Осындай әрекеттер қызмет алушыға бас тарту мүмкіндігі болатынын, және де борышкерлер тізімінде болғанда қандай жағдайға әкелетінін алдын-ала білуге мүмкіндік береді.

М.Катарова,

Баянауыл аудандық әділет басқармасының бас маманы,

«ҚЗО» РҚБ Павлодарлық филиалының мүшесі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы