Тауар таңбасының түсінігі, құқықтық қорғау және тауар таңбасын тіркеу жағдайы

Жарияланған: 08.01.2018


Тауар таңбасы ретiнде пайдаланылып жүрген белгi немесе Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық келiсiмдерге орай, мүдделi тұлғалардың дәлелдемелеріне негiзделген құзыретті органның немесе соттың шешiмiмен жалпыға бірдей белгілі деп танылған тауар таңбасы;

Республикасында тауар белгілерін құқықтық қорғау осы Заңда белгiленген тәртiпте оларды тiркеу негiзiнде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына орай тiркеусiз берiледi.

Тауар белгілерін құқықтық қорғау жеке немесе заңды тұлғаларға берiледі. Тауар белгісіне құқық Қазақстан Республикасының Тауар белгілерінің мемлекеттік тізілімінде тіркеу туралы жазбамен куәландырылады және Қазақстан Республикасының Тауар белгілерінің мемлекеттік тізілімінен үзінді көшірмемен расталады. Тауар белгісінің иесi куәлiкте көрсетiлген тауарлар мен қызметтерге қатысты өзiне тиесiлi тауар белгісін пайдалану мен оған иелiк етудің айрықша құқығына ие болады. Қазақстан Республикасында қорғалатын тауар белгісін оның иесiнiң келiсiмiнсiз ешкiм де пайдалана алмайды. 1993 жылы Қазақстан Республикасы Тауар таңбаларын халықаралық тіркеу туралы Мадрид келісіміне қосылды. Аталған келісім тауар таңбасының иесіне халықаралық деңгейде құқықтық қорғауға ие болуына көмектеседі. Шетелде тауар таңбасын тіркеу рәсімі айтарлықтай жеңілдейді. Себебі, тауар таңбасы тіркелетін әр елде сол елдің тілінде өтінім берілмей, әр елге жеке-жеке төлем төленбей, Қазақстанда тауар таңбасын тіркегеннен кейін бір тілде бір ғана өтінім дайындап, Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының Халықаралық бюросы.

Қазіргі заманның өзгермелілігін ескере отырып, Таңбаларды халықаралық тіркеу жүйесін одан әрі жетілдіру мақсатында 1989 жылғы 27 маусымда Таңбаларды халықаралық тіркеу туралы Мадрид келісіміне 16 (он алты) баптан тұратын Хаттама қабылданды. Аталған Хаттама Мадрид келісімі елдеріне тауар таңбаларды халықаралық тіркеуді қамтамасыз ету мақсатында өздеріне тиімді шарттарды таңдауға мүмкіндік беретін ережелерді енгізу арқылы елдердің шектеусіз аясы жүйесіне қосылу үшін бар құқықтық кедергілерді жою міндетін шешеді.
Сонымен қатар, қазіргі уақытта ұлттық өтінім берушілер Хаттамаға кіретін елдерге (Жапония, АҚШ, Ұлыбритания) құқықтық қорғауға ие бола алады, ал Хаттамаға қосылмау жағдайында өтінім берушілерде ондай мүмкіндігі болмас еді.Нарықтық орта құру барысында шаруашылық белсенділіктің маңызды ынталандырушы күші, әр-түрлілікті көбейтудегі және өнім сапасын жоғарылатудағы басты құрал бәсеке болады.
      Әлем нарығындағы қатал бәсеке жағдайында тауар таңбасына деген құқық өнім шығарушылар үшін өткізу нарығындағы өз орындарын бекем етуде маңызды рольге ие. Кәсіпорын дамыған сайын, өнім көлемі өскен сайын тауар таңбасын қорғау ерекше орында болады. Осы жағдайда импорттың, экспорттың бәсекеге қабілеттілігін арттыру және оларды қорғау, сонымен қатар шетелде тауар таңбасын құқықтық қорғауды қамтамасыз ету бойынша сауатты саясат жүргізу әлем нарығында алдағы қатарлы кәсіпорындар қатарына қосылуға мүмкіндік береді.
       Жоғарыда аталған Мадрид келісіміне келетін болсақ Қазақстан Республикасы бұрынғы Кеңес одағы республикалары елдерінің ішінде алғашқылардың бірі болып 1891 жылғы Таңбаларды халықаралық тіркеу туралы Мадрид келісімінің біздің елімізде іс-әрекет етуінің жалғасуы туралы 1993 жылғы 5 ақпандағы Өнеркәсіптік меншік құқықтарын қорғау саласындағы халықаралық шарттар туралы Қазақстан Республикасының декларациясында мәлімдеді. Осымен Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде Мадрид келісіміне бұдан әрі қатысуы расталды.Тауар белгісі – бір заңды немесе жеке тұлғаның тауарларын немесе көрсететін қызметтерін екінші бір заңды немесе жеке тұлғалардың осы тектес тауарларын немесе көрсететін қызметтері.

Тауар белгісі өнімді дараландыру тәсілі болып табылады, бұл тәсілді меншіктену құқығы заң бойынша зияткерлік меншікке жатқызылады. Тіркелген Тауар Белгісіне куәлік беріледі. Тауар белгісі ретінде сөз, бейне, көлем және басқа таңбалар немесе олардың құрамдастырылған түрлері тіркелуі мүмкін. Мемлекеттік елтаңбаларды, тулар мен эмблемаларды, халықаралық ұйымдардың қысқартылған немесе толық атауларын; ресми бақылау таңбаларын, кепілдікті және сынамалық таңбаларды, мөрлерді, наградалар мен басқа да айырым белгілерін білдіретін таңбалар Тауар белгісі ретінде тіркеуге алынбайды. Дегенмен, осы құзырлы органдардың немесе иелерінің келісімі болса, олардың Тауар белгісіне қорғалмайтын нышандар ретінде енгізілуі мүмкін. Тауар белгісі заңмен қорғалады және оны тауар үшін Тауар белгісі ретінде тіркелген бүкіл тауарға немесе оның бір бөлігіне қатысты жасалған шарт бойынша басқа бір заңды және жеке тұлғаларға беруге болады. Сонымен бірге Тауар белгісінің иесі (лицензиар) Тауар белгісін пайдалану құқығын лиценз. келісім бойынша басқа тұлғаға (лицензиатқа) беруі мүмкін. Тауар белгісімен қатар белгілі бір фирманың бір тауарын емес, барлық тауарларын таңбалау үшін символ-белгі түріндегі сауда таңбасы (кейде оны фирмалық белгі деп те атайды) мен шығарылатын өнімге емес, шығарушы фирмаға тиесілі сауда атауы да пайдаланылады. Заң жүзінде қорғалған Тауар белгісі, әдетте дөңгелек сызықпен қоршалған латынша R әрпімен – таңбаланады. Тауар таңбасын иеленушінің оны пайдалануға заңмен қорғалған айрықша құқығы болады.
       Тауар белгісі - (сауда таңбалары) фирмалық тауарларға‚ орамаларға (тоғанақтарға)‚ сызбаларға‚ анықтамалықтарға‚ шоттарға‚ бланкілерге‚ затбелгілерге және тауарлармен‚ жұмыстармен‚ қызметтермен қоса жүретін басқа да құжаттамаларға соғылады. Тауар белгісі зияткерлік белгілерге жатады және негізгі құрал-жабдықты ақыға сатып алған жағдайда айналымнан тыс активтердің құрамында есептеледі. Егер Тауар Белгісін субъектінің өзі әзірлеген болса‚ онда мұның өзі оның өнімі‚ тауары деп саналады‚ оны өткізу сәтінде және тек оны сатып алған тарапта ғана оның бейматериалдық актив деп бағалануы мүмкін. Тауардың арналуы (жеке бастың пайдалануына немесе қайта сатуына арналуы)‚ ал статистика мақсаты үшін – есеп айырысу сипаты (қолма-қол есеп айырысу немесе қолма-қол ақшасыз есеп айырысу) заң жүзінде бөлшек сауданың басты белгісі болып табылады.

1) халықаралық тіркеуге өтінім ұлттық тіркеу, сонымен бірге ұлттық өтінім негізінде де жасалады, осыған байланысты конвенциялық басымдықты сақтау рәсімі жеңілдетіледі. Бұл шарт көптеген елдердің өтінім берушілерінің көңілінен шықты, себебі ұлттық заңнамалар негізінде тіркеу кейбір елдерде ұзақ уақыт алады, ал тауар таңбасын тіркеу процесі айтарлықтай еңбекті қажет етеді;

2) Хаттамаға қатысушы мемлекет жеке бажды (қосымша және қосылған баж орнына) белгілей алады, бұл мемлекеттің кірісін арттыруға ықпал етеді.
Осы қорғау жүйесі көптеген кәсіпорындар, әсіресе шағын және орта кәсіпорындар үшін өздерінің тауар таңбаларын көптеген елдерде қорғауларына мүмкіндік беретін болады, өзге жағдайда олар ешқашан өздерінің тауар таңбаларын халықаралық қорғауды қамтамасыз ете алмас еді, бұл әділ бәсекеге және ұлттық әрі өңірлік және әлемдік деңгейде де экономикалық дамуға өз септігін тигізеді.

Осылайша, ұлттық өндіруші мен кәсіпкер зияткерлік меншік объектісіне қорғау құжатын алу арқылы өзінің заңды құқықтарын шетелде қорғауы үшін көп мүмкіндіктерге ие болады. Хаттама отандық және шетелдік өндірушілермен берілетін тауар таңбаларын және тауар шығарылған жерлердің атауларын қорғауға арналған халықаралық өтінімдерді беру перспективаларын жақсартуға бағытталған, бұл өз кезегінде Хаттамаға кіретін мемлекеттерде тауар таңбасына қорғау алуға қатысты ақша шығындарын айтарлықтай азайтады.

Ж.Айтмаханова,

Баянауыл аудандық әділет басқармасы басшысының м.а.,

«ҚЗО» РҚБ Павлодарлық филиалының мүшесі.

 


2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы