«Сыбайлас жемқорлықты болдырмау- басты парыз»

Сыбайлас жемқорлық дегеніміз – мемлекеттік қызметкерлер, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілетті адамдар, жеке сектордың басшылары өз қызмет бабын жеке басының баюы, басқа адамдардың мүддесі үшін пайдаланғанда қоғамды да, мемлекетті де бұзатын әлеуметтік құбылыс.

Еліміздегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі ретінде айқындалған. Себебі, сыбайлас жемқорлық еліміздің әлеуметтік – экономикалық дамуына кері әсер ететін, елдің даму болашағына айтарлықтай қауіп төндіретін құбылыс екені анық.

Сыбайлас жемқорлық барлық мемлекеттерде тамырын тереңге жіберген. Сондықтан онымен күресу, тоқтаусыз, барынша қатал әрі нәтижелі түрде жүргізілуі тиіс. Жемқорлықпен күрес кез келген қоғам үшін әрқашан өзекті әрі ғаламдық мәселе болып отыр. Ал, онымен күрестің тиімділігін арттыру кез-келген мемлекеттің болашағы үшін стратегиялық мәнге ие. Әсіресе, бұл серпінді дамып келе жатқан және бәсекеге қабілетті әлем елдерінің қатарына кіруді мақсат етіп отырған біздің еліміз үшін өте маңызды.

Сонымен қатар сыбайлас жемқорлықпен пәрменді күресу үшін халықтың құқықтық сауатсыздығын жоятын, құқықты түсіндіру жұмысының деңгейі мен сапасын арттырудың маңызы зор.

Сыбайлас жемқорлықпен күресу жолдарын және оның алдын-алу, жол бермеу мәселелері бойынша, нақты  шешімдер қабылдап, дамыған отыз елдің қатарына енуді және өзге мемлекеттерге үлгі болатын Қазақстан болуды алға мақсат қылып қойып, сол үшін аянбай еңбек етейік.

Тәуелсіз еліміздің экономикасының дамуына кедергі келтіретін,  қоғам дертіне айналған мәселелердің бірі – сыбайлас жемқорлық.Үлкен әлеуметтік қасірет болып табылатын ол саяси даму тұрғысынан бір-біріне ұқсамайтын әлемдегі барлық елдердің қай-қайсысын да қатты алаңдатып отыр. 

Сыбайлас жемқорлық ұлтымыздың қауіпсіздігіне, еліміздің халықаралық беделіне, азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарына елеулі нұқсан келтіретін қауіпті құбылыс. Сондықтан да онымен күресті  тек заң қызметкерлері ғана жүзеге асырады деп бойымызды аулақ салмай, бірлесе күресу баршамыз үшін маңызды іс.

            Сыбайлас жемқорлық — әзірше әлемнің бір-де бір елі жеңіп шыға алмаған әлеуметтік бәле. Сыбайлас жемқорлыққа шек қоюға, әлеуметтік қатынастарды қоғамға зиян келтіріп мүмкіндіктерін асыра пайдаланудан мүмкіндік шегінде жағдай жасауға болады.

Әлемнің барлық мемлекеттері осы бәлеге тап болып отыр. Сонымен қатар қазіргі заманғы жағдайда сыбайлас жемқорлық мемлекеішіндік проблемадан біртіндеп ғаламдық проблемаға айналып бара жатыр.

Қазір алдыңғы қатарлы елдерді қоса алғанда барлық елдер жаңа қауіптерді ескере отырып сыбайлас жемқорлықпен күрестің өз үлгілерін қайта қарауда. Сыбайлас жемқорлық үшін жауапкершілікті күшейту жөнінде жаңа заңдар қабылдап жатыр.

Мемлекетіміз бұл мәселеге қарсы күрес шараларын тәуелсіздік алған сәттен бастап бірінші кезектегі міндетіне алған болатын. Дегенменде  сыбайлас жемқорлықпен күрес барысы күн сайын қарқын алып келеді. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің халыққа жолдауында ұлттық қауіпсіздік пен  қоғамдық тұрақтылыққа төнген қатер ретінде, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі жалпы ұлттық кешенді бағдарламаны дәйекті түрде жүзеге асырудың қажеттігін айтқан болатын, Елімізде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заңы қабылданғаннан бері, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс- әрекеттер дәйектілікпен жүзеге асырылуда.

 

 

Ж.С.Айтмаханова,

Баянауыл аудандық әділет басқармасының басшысы

«ҚЗО» РҚБ Павлодарлық филиалының мүшесі.

 

 

 

 

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы