Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ

Ел болып еңсесін тіктеген, тәуелсіздігін алып, шаршы әлемге танылған, Елбасының көреген саясатының арқасында әлем мемлекеттерінің ортасынан өз орнын айқындап алған мемлекетіміз, қауіпті кесел сыбайлас жемқорлықтан айығуды міндет етіп қойды. Сыбайлас жемқорлық мемлекеттік басқарудың тиімділігін, елдің инвестициялық тартымдылығын төмендететін, әлеуметтік-экономикалық қарыштап дамуды тежейтін қатерлі дерт. Жемқорлық адамдар арасындағы қарым-қатынастан басталады. Сыбайлас жемқорлықтың жиі бой көрсететін, ең қауіпті түрі – парақорлық.

Парақорлық дерті елімізде көбіне-көп қолында билігі бар, шешім шығаруға, бөліп бергізуге өкілеті жететін қызметкерлердің айналасында көрініс табады деген ұғым қалыптасқан. Парақорлық көптеген лауазымды тұлғалардың адал екеніне күмән туғызып,   сенімсіздік келтіріп қана қоймай, жалпы мемлекетке, азаматтардың мүдделері мен құқықтарының бұзылуына заңдылық қағидаларының бұрмалануына алып келеді.  Еліміз тәуелсіздігін алған жылдар ішінде  сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, болдырмау, қарсы тұру бағытында  көптеген бағдарламалар қабылданды.  

Шенеуніктердің азаматтармен тікелей байланыстарын қысқартатын және сыбайлас жемқорлық көріністері үшін жағдайларды барынша азайтатын мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласын дамыту мен мемлекеттік аппараттың жұмысын ақпараттандыру, электрондық үкіметті енгізу сыбайлас жемқорлық көріністерін барынша азайтуға мүмкіндік береді. Елбасы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» деген тақырыппен таныстырылған Жолдауының тоғызыншы тарауында жемқорлықпен күреске және заңның үстемдігін арттыруға бағытталған. Әлеуметтік желінің, өзге де медиа-ресурстардың дамуы жағдайында, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет барысында оны жалпы жұртшылықтың жек көруі күрестің қуатты құралына айналуға тиіс» деген.

2014 жылғы 26 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы Стратегиясы бекітілді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Стратегияның мақсаты мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тиімділігін арттыру, сыбайлас жемқорлықтың кез келген көрінісіне «мүлдем төзбеушілік» ахуалын жасау арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысқа бүкіл қоғамды тарту жəне Қазақстанда сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету болып табылады. Азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарының бұзылуына әкеп соғатын, алға басқан қадамды кейін тартып, қоғамның дамуына тежеу болатын сыбайлас жемқорлықпен күресті күшейту –әрқайсымыздың азаматтық борышымыз.

 

М.Катарова,

Баянауыл аудандық әділет басқармасының бас маманы,

«ҚЗО» РҚБ Павлодарлық филиалының мүшесі.

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы