«Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ»

Жарияланған: 13.03.2018


Сыбайлас жемқорлық дегеніміз – мемлекеттік қызметкерлер, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілетті адамдар, жеке сектордың басшылары өз қызмет бабын жеке басының баюы, басқа адамдардың мүддесі үшін пайдаланғанда қоғамды да, мемлекетті де бұзатын әлеуметтік құбылыс.

Еліміздегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі ретінде айқындалған. Себебі, сыбайлас жемқорлық еліміздің әлеуметтік – экономикалық дамуына кері әсер ететін, елдің даму болашағына айтарлықтай қауіп төндіретін құбылыс екені анық.

Сыбайлас жемқорлық барлық мемлекеттерде тамырын тереңге жіберген. Сондықтан онымен күресу, тоқтаусыз, барынша қатал әрі нәтижелі түрде жүргізілуі тиіс. Жемқорлықпен күрес кез келген қоғам үшін әрқашан өзекті әрі ғаламдық мәселе болып отыр. Ал, онымен күрестің тиімділігін арттыру кез-келген мемлекеттің болашағы үшін стратегиялық мәнге ие. Әсіресе, бұл серпінді дамып келе жатқан және бәсекеге қабілетті әлем елдерінің қатарына кіруді мақсат етіп отырған біздің еліміз үшін өте маңызды.

Сонымен қатар сыбайлас жемқорлықпен пәрменді күресу үшін халықтың құқықтық сауатсыздығын жоятын, құқықты түсіндіру жұмысының деңгейі мен сапасын арттырудың маңызы зор.

Сыбайлас жемқорлықпен күресу жолдарын және оның алдын-алу, жол бермеу мәселелері бойынша, нақты  шешімдер қабылдап, дамыған отыз елдің қатарына енуді және өзге мемлекеттерге үлгі болатын Қазақстан болуды алға мақсат қылып қойып, сол үшін аянбай еңбек етейік.

Мемлекетіміз бұл мәселеге қарсы күрес шараларын тәуелсіздік алған сәттен бастап бірінші кезектегі міндетіне алған болатын. Дегенменде  сыбайлас жемқорлықпен күрес барысы күн сайын қарқын алып келеді. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің халыққа жолдауында ұлттық қауіпсіздік пен  қоғамдық тұрақтылыққа төнген қатер ретінде, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі жалпы ұлттық кешенді бағдарламаны дәйекті түрде жүзеге асырудың қажеттігін айтқан болатын, Елімізде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заңы қабылданғаннан бері, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс- әрекеттер дәйектілікпен жүзеге асырылуда, - деп өз сөзін аяқтады.

Ж.Айтмаханова,

Баянауыл аудандық әділет басқармасы басшысының м.а.,

«ҚЗО» РҚБ Павлодарлық филиалының мүшесі.

 

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы