Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру – басты міндет

Сыбайлас жемқорлық дегеніміз – мемлекеттік қызметкерлер, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілетті адамдар, жеке сектордың басшылары өз қызмет бабын жеке басының баюы, басқа адамдардың мүддесі үшін пайдаланғанда қоғамды да, мемлекетті де бұзатын әлеуметтік құбылыс.

Еліміздегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі ретінде айқындалған. Себебі, сыбайлас жемқорлық еліміздің әлеуметтік – экономикалық дамуына кері әсер ететін, елдің даму болашағына айтарлықтай қауіп төндіретін құбылыс екені анық.

Сыбайлас жемқорлық барлық мемлекеттерде тамырын тереңге жіберген. Сондықтан онымен күресу, тоқтаусыз, барынша қатал әрі нәтижелі түрде жүргізілуі тиіс. Жемқорлықпен күрес кез келген қоғам үшін әрқашан өзекті әрі ғаламдық мәселе болып отыр. Ал, онымен күрестің тиімділігін арттыру кез-келген мемлекеттің болашағы үшін стратегиялық мәнге ие. Әсіресе, бұл серпінді дамып келе жатқан және бәсекеге қабілетті әлем елдерінің қатарына кіруді мақсат етіп отырған біздің еліміз үшін өте маңызды.

Сонымен қатар сыбайлас жемқорлықпен пәрменді күресу үшін халықтың құқықтық сауатсыздығын жоятын, құқықты түсіндіру жұмысының деңгейі мен сапасын арттырудың маңызы зор.

Тәуелсіз еліміздің экономикасының дамуына кедергі келтіретін,  қоғам дертіне айналған мәселелердің бірі – сыбайлас жемқорлық.Үлкен әлеуметтік қасірет болып табылатын ол саяси даму тұрғысынан бір-біріне ұқсамайтын әлемдегі барлық елдердің қай-қайсысын да қатты алаңдатып отыр. 

Қазір алдыңғы  қатарлы елдерді қоса алғанда барлық елдер жаңа  қауіптерді ескере отырып сыбайлас жемқорлықпен күрестің өз үлгілерін қайта қарауда. Сыбайлас жемқорлық үшін жауапкершілікті күшейту жөнінде жаңа заңдар қабылдап жатыр.

Мемлекетіміз бұл мәселеге қарсы күрес шараларын тәуелсіздік алған сәттен бастап бірінші кезектегі міндетіне алған болатын. Дегенменде  сыбайлас жемқорлықпен күрес барысы күн сайын қарқын алып келеді. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің халыққа жолдауында ұлттық қауіпсіздік пен  қоғамдық тұрақтылыққа төнген қатер ретінде, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі жалпы ұлттық кешенді бағдарламаны дәйекті түрде жүзеге асырудың қажеттігін айтқан болатын, Елімізде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заңы қабылданғаннан бері, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер дәйектілікпен жүзеге асырылуда.

Сыбайлас жемқорлық ұлтымыздың қауіпсіздігіне, еліміздің халықаралық беделіне, азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарына елеулі нұқсан келтіретін қауіпті құбылыс. Сондықтан да онымен күресті  тек заң қызметкерлері ғана жүзеге асырады деп бойымызды аулақ салмай, бірлесе күресу баршамыз үшін маңызды іс.

М.Катарова,

Баянауыл аудандық әділет басқармасының бас маманы,

«ҚЗО» РҚБ Павлодарлық филиалының мүшесі.

 

           

 

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы