«Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің электронды тіркеуге құжаттарын тапсыру тәртібі

Қазіргі таңда өз жеке кәсібін ашатын жеке және заңды тұлғалардың саны күн өткен сайын артып келетіні анық, осыған орай заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу саласы қазіргі кезде өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Осы қызмет «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» Заңына сәйкес жүзеге асырылады. Әділет министрлігінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі №233 «Заңды тұлғаларды, филиалдар мен өкілдіктерді тіркеу мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарына» сәйкес  мемлекеттік тіркеуге құжатарын тапсыру тәртібі айқындалған.

            Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеуге құжаттарын келесі мекемелерге тапсырылу арқылы жүзеге асырылады:

1) Министрліктің кеңсесі;

2) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорация" коммерциялық емес акционерлік қоғам

3) www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы

Аталмыш мемлекеттік қызмет көрсету кезінде ұсынылатын құжаттар тізімі стандартқа сәйкес "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" арқылы тасырылады. Мемлекеттік тіркеуге құжаттарды тапсырған кезде заңды тұлғаны мемлекеттік тіркегені үшін (шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғаларды қоспағанда) бюджетке тіркеу алымы төленгенін растайтын түбіртек тіркеуші органға ұсынылады. Сондай-ақ, кәсіпкерлік субъектілерін тіркеу субъектілердің ықыласына сәйкес «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы берілуі мүмкін. Ол үшін заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы өтініші «электронды үкіметтің» веб-порталында толтырылады және электрондық цифрлық қолтаңба қойылады.

Заңды тұлғаларды, филиалдар мен өкілдіктерді тіркеу мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарына сәйке, құжаттарды тапсырған сәттен бастап мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:

- жеке кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу, олардың филиалдарын (өкілдіктерін) есептік тіркеу, сондай-ақ қызметін үлгілік болып табылмайтын жарғы негізінде жүзеге асыратын акционерлік қоғамдарды, олардың филиалдарын, (өкілдіктерін) қоспағанда), қажетті құжаттарын қоса беріле отырып, өтініш берілген күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі;

- сондай-ақ саяси партияларды қоспағанда, үлгілік жарғы болып табылмайтын, қызметін жарғы негізінде жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлік субъектілеріне жатпайтын заңды тұлғаларды, сондай-ақ акционерлік қоғамдарды мемлекеттік тіркеу, олардың филиалдары есептік тіркеу қажетті құжаттарды қоса бере отырып, өтініш берілген күннен кейінгі он жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі;

- саяси партиялардың филиалдарын (өкілдіктерін) есептік тіркеу қажетті құжаттары қоса бере отырып, өтініш берілген күннен бастап бір айдан кешіктірілмей жүргізіледі.

            Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге мемлекеттік қызметті көрсету кезінде, Қазақстан Республикасының зандарында қарастырылмаған басқалары болса, ақпараттық жүйелерде қамтылған бар заңмен қорғалатын құпиясы бар мәліметтерді қолдануға жазбаша келісім береді.

Орталық арқылы құжаттарды қабылдау кезінде көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат беріледі.

            Орталықта дайын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушыға беруді Орталықтың қызметкері жеке басын куәландыратын куәлікті (не сенімхатты) ұсынған кезде қолхаттың негізінде жүзеге асырады.

            Орталық нәтиженің бір ай ішінде сақталуын қамтамасыз етеді, содан кейін оларды көрсетілетін қызметті берушіге одан әрі сақтау үшін береді.
            Көрсетілетін қызметті алушы бір ай ішінде жүгінген жағдайда, Орталықтың сұрау хаты бойынша бір жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін Орталыққа дайын құжаттарды жолдайды.

Ж.Айтмаханова,

Баянауыл аудандық әділет басқармасының басшысы,

«ҚЗО» РҚБ Павлодарлық филиалының мүшесі.

 

 

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы