Нұрлы жол

Елбасымыздың Қазақстан халқына арнаған Жолдауында ежелгі ата-бабаларымыз - түркілердің Мәңгілік Ел идеясын Қазақ елінің ұлттық идеясы ретінде жариялады. Бұл идея жаңа Жолдауда да нақтылана түскен. Яғни нұрлы болашаққа жетелеген «Нұрлы жол» бағдарламасы табыстарымызға ұйытқы болып, еліміздің еңсесін биіктетіп, ғаламдық өркениет өрісіне шығармақ.    

«Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Жолдауы дүние жүзінде қалыптасқан күрделі кезеңде, жылдағыдан ертерек жарияланды. Бұл Елбасымыздың көрегендігін, алдағы болар жағдайды күні бұрын болжап, бағамдай білетіндігін көрсетеді. Сонымен қатар, бұл құжат алдағы жылдардағы мақсат-межелерді де нақты айқындап берді.

Президентіміз өзінің Жолдауында шағын және орта бизнесті ұдайы қолдауға қатысты нақты ұсыныстар айтты. Әр адамның еңбектенуі, кәсіпкерлікпен айналысуы үшін оларға қолайлы жағдай жасау қажет. Елбасымыздың «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» атты Жолдауында айтылған міндеттер аясында аудандық әділет басқармасында да  кәсіпкерлерге қолдау көрсетуде және тиісінше жұмыстар атқаруда. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар еңгізу туралы» заңы кәсіпкерлікті дамытуға жол ашып, рұқсат беру жүйесін барынша жеңілдетті.

Ж.Айтмаханова,

Баянауыл аудандық әділет басқармасының

Басшысы,

«ҚЗО» РҚБ Павлодарлық филиалының мүшесі.

 

        

 

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы