Мемлекеттік тілді құрметтеу

Конституциямыздың жетінші бабының бірінші тармағында Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл – қазақ тілі деп анық жазылған, Ата Заңымыздан туындаған Қазақстан Республикасының Тілдер туралы Заңында да осы жағдай берік  түрде  қамтылған. Біздің азаматтық парызымыз – тіл заңындағы талаптарды жүйелі түрде жүзеге асыру. Ол тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасынан да көрініс тапты. Ұлттың болашағың, елдіктің ертеңін, ұрпақтың келешегін ойлаған әрбір қазақстандық азамат мемлекеттік тілді құрметтеуге тиіс. Отанға деген құрмет пен сүйіспеншілік – ана тілден бастау алады. Қазіргі өмірде елімізде қазақ тілінің қолдану аясын кеңейтуге де, мемлекеттік тілді дамыта түсуге ешқандай кедергі жоқ. Жыл сайын қажетті қаржы да бөлініп жатыр.

Тіл қай елде болса да қастерлі, құдіретті. Ол достықтың кілті, ынтымақтастықтың бастауы, ырыс-берекенің алды, ұлттың әрі жаны, әрі ары. Тілсіз қоғамның қандай түрі болса да өмір сүре алмайды, ол тілдің өзі қоғам бар жерде ғана пайда болып, өмір сүреді. Демек, қоғамнан тыс, бөлек тіл жоқ. Тіл – қоғамның жемісі. Тіл байлығы – әрбір елдің ұлттық мақтанышы. Ол – атадан балаға мирас болып қалып отыратын баға жетпес мұра.

Қазақстан Республикасының Тілдер туралы Заңында: «Қазақстан халқын топтастырудың аса маңызды факторы болып табылатын мемлекеттік тілді меңгеру – Қазақстан Республикасының әрбір азаматының парызы» делінген. Әрине ұлттың ең бірінші, ең қасиетті сипаты – оның ана тілі. Ұлт анасы тіл болып есептеледі. Сонымен бірге ұлттың өмір сүруінің бірінші шарты.

Мемлекеттік тілдің абыройын асқақтату – әрбір қазақстандықтың абзал борышы. Біздің барша ұлттық келбетіміз бен болмысымызды, салт-санамыз бен дініміз осы ұлттық мәдениет пен тілімізде жатыр. Тәуелсіз елдің елдігі жас ұрпағын парасатты да білімді, іскер де қабілетті, елжанды тұлға етіп қалыптастыруда мемлекетік тілдің атқаратын қызметі орасан зор.

Ұлт мәдениеттің гүлденуі мен адамдардың тарихи қалыптасқан тұрақты қауымдастығы ретінде ұлттың өзінің болашағы ана тілдің дамуына, оның қоғамдық қызметінің кеңеюімен тығыз байланысты.

Осыған орай Баянауыл аудандық әділет басқармасы жыл сайын Баянауыл ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімімен бірлесіп, мемлекеттік тілді дамыту бойынша жоспары бекітілген. Жоспар бойынша мемлекеттік тілді дамыту, халық арасында насихаттау, түсіндіру жұмыстары үнемі жүргізіліп отырады.

Тіл халықпен бірге өмір сүріп, дамиды, яғни, тіл – әрбір халықтың дербес ұлт екендігінің анық куәсі. Себебі, әр ұлттың тілі – сол ұлттың болашағының мықты діңгегі.

М.Катарова,

Баянауыл аудандық әділет басқармасының бас маманы,

«ҚЗО» РҚБ Павлодарлық филиалының мүшесі.

 

 

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы