Мемлекеттік тілдің мемлекеттік мекемедегі рөлі

Жарияланған: 05.09.2018


Әр халықтың басты байлығы, баға жетпес қазынасы – ана тілі. Қазақстан Республикасының негізгі тілі – мемлекеттік тілді, яғни, қазақ тілін құрметтеу, оны білу – біздің әрқайсысымыздың асыл парызымыз. Қазақстан Республикасының ХХІ ғасырдағы болашағы, шығар биіктері саяси-экономикалық факторлармен қатар, оның мемлекеттік тілі – қазақ тілінің де дамуына тікелей байланысты. Қазақ тілінің мемлекеттік тіл мәртебесі Ата Заңымызда анық айқындалған. Елбасымыз да «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде!»деп қадап көрсетті.

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республи­ка­­сын­дағы тіл туралы» Заңы мен Президент Жарлығымен бекітілген «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» бар. Осы заң актілері әрбір Қазақстан азаматы үшін бұлжытпай орындалуға тиісті құжат болып табылады.

Баянауыл ауданының Әділет басқармасы тарапынан мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту, оның мәртебесі мен маңызын арттыруға үнемі зор көңіл бөлінуде. Бұны ауданның мәдениет және тілдерді дамыту бөлімімен мемлекеттік тілді қолдану мен дамыту бойынша 2018 жылға арналған  бірлескен іс-шаралар жоспары бекітілді. Ендігі мақсат осы бірлесіп бекіткен іс-шаралар жоспарын мүлтіксіз орындап және де әр бір мемлекеттік мекемеде мемлекеттік тілге қатысты заң нормаларын түсіндіру жұмыстарын жүргізу болып табылады.

Бүгінде ресми қағаздарды сауатты толтырып дайындау үшін кәсіби жетілдірілген қазақ тілін қолдану қажет. Бұл жерде жазу мәдениетінің рөлі орасан зор. Түрлі мекемелер мен ұйымдар арасында іс-қағаздарының ең жиі қолданы­латын түрі – қызметтік хат болып табылады. Сөз еткен мәселенің жазылу мақсатына қарай қызметтік хат бірнеше түрге бөлінеді, мысалы, ақпарат хат, шақыру хат, ілеспе хат, ескерту хат, ресми хат.

Тіл – сөйлеу мен ойды жеткізудің құралы болғандықтан, қызметтік хаттың мазмұны айқын болуы тиіс. Іс-қағаздарын дайындау барысында жазу мәдениетін қатаң сақтау қажет. Әр хаттың бойында реттілік, жүйелілік, түзулік, тәртіптілік, сәйкестік, қисындылық, тағы-тағы мағыналық реңктердің болуы тиіс. Оған да көңіл бөлеміз.

Мемлекеттік тілде әзірленетін құжаттардың сауатты­лығы мен сапасын арттыру, әрбір іс-қағаздарын орындап отырған тілін сүйіп, еліне жаны ашитын мемлекеттік қызметкердің ұлттық парызы.

М.Катарова,

Баянауыл аудандық әділет басқармасының бас маманы,

«ҚЗО» РҚБ Павлодарлық филиалының мүшесі.

 

 

 

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы